16
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Балаңыз «Алла Тағала кім?» деп сұраса...

Балаңыз «Алла Тағала кім?» деп сұраса...

Ислам тарихы

Кейде балаңыз сізден: «Алла Тағала кім?» - деп сұрайды.

Дұрыс жауап: Оған Алланың жаратылыстарын, оның ғаламдағы сипаттарын және құдіретін жекелей айтып беру. Мысалға: «Ол Алла көктерді, жерді, ағаштар мен өзендерді жаратты және сендер жақсы көретін дәмді жемістерді де жаратты. Сенің нұрлы көздеріңді, жұмсақ қолдарыңды және аяқтарыңды жаратқан. Сондай-ақ Ол бізге барлық нығметтерді берген және т.б.» - деп айтуыңыз.

Балаңыз «Алла Тағала біз секілді ме?» деп сұраса... Егер балаңыз: «Алла бізге ұқсайды ма?» - деп сұраса: «Алла Тағала жаратылыстарының ешқайсысына ұқсамайды. Ол – Жаратушы. Ал Жаратушы Өз жаратылысына ұқсамайды. Пенде бұл дүниеде Алланы көре алмайды, бірақ Алланы Жәннатта тек мүмін ғана көреді» - деңіз. Ол осы жауабыңыздың нәтижесінде Жәннатқа да ұмтылыс алады.

Балаңыз «Алла Тағаланы кім жаратты?» деп сұраса... Кейбір балалар: «Алланы кім жаратты?» - деп сұрайды. Жауабы: «Бұл сұрақ түбегейлі қате. Өйткені Алла Тағала Жаратушы, жаратылған емес. Ал ғаламдағы барлығы жаратылған нәрсе, Жаратушы емес. Сіз: «Балам сен адам жарата аласың ба?» - десеңіз, ол: «Жоқ» - дейді. Сіз: «Олай болса сен жаралғансың, Жаратушы емес. Ал Алла Тағала барлық (мүмкін) нәрсені Жаратушы»» - деп түсіндіріңіз.

материал «Балалардың имани сұрақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: