16
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Сапты түзеу – намаздың дұрыс болуының шарттарынан

Сапты түзеу – намаздың дұрыс болуының шарттарынан

Намаз

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті:

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Имам ұйымақ үшін имам қылынған, егер ол рүкүғ қылса, сіздер де рүкүғ қылыңыз, егер «Самиғаллаһу лиман хамидаһ»,- десе «Рәббәна ләкалхамд»,- деп айтыңыз. Егер сәжде қылса, сәжде қылыңдар, егерде отырып оқыса, сендер де отырып оқыңдар! Намазда сапты дұрыстаңдар, өйткені саптың түзу болуы – намаздың дұрыстығы!»,- деді.

Башір ибн Ясар (р.а.) риуаят етті: «Әнас (р.а.) Басрадан Мединеге келді. Әнасқа: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманынан кейін бізден қандай кемшілік таптыңыз?»,- деп сұрасты. Сонда Әнас (р.а.): «Сендер сапты дұрыстап толтырмайды екенсіңдер, бұдан басқа қате кемшілік таппадым,- деді. (Имам Бұхарий сапты туралауды-уәжіпке, ал ижтаһатты болсасүннет деп есептейді. Өйткені Әнас (р.а.) оларға намазды қайтадан оқуға бұйырмады).

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Суға батып өлгендер, іш ауруымен өлгендер, обадан өлгендер, бір нәрсенің астында қалып өлгендер шаһид болып өлгенге есеп болар. Егерде адамдар намазға ертерек барудың қандай сауабының бар екенін білсе, мешітке қарай бір-бірінен озып жүгірісер еді. Құфтан мен таң намазының сауабын білген болса, еңбектеп болса да (мешітке) жетер еді. Бірінші сапта тұрудың қаншалықты сауап екенін білсе, еш амалын таппаса да, шек тастап өз ниеттеріне жеткен болар еді.»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: