25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алтынның зекеті

Алтынның зекеті

Зекет

Жоғарыда алтынның белгіленген нисап мөлшері – 85 грамм дедік. Міне осы 85 грамм алтыннан 2.125 грамм зекет ретінде беріледі. Бұл – 2,5%, яғни, 85 грамның қырық та бірі деген сөз.

Әли (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) алтынның нисап мөлшерін былай деп білдіреді:

«Алтыннан жиырма динарға жетпейінше зекет алынбайды. Сенің жиырма динар алтының болып, оған бір жыл айналмайынша зекет беруің міндет емес». Әбу Ханифа бойынша, 85 грамнан асқан мөлшерден 17 грамға жетпей, зекет алынбайды. 17 грамнан ары қарай қырық та бірі зекет ретінде алынады. 85+17 грамнан 2,550 грамм алтын зекеті болып алынады. Бірақ 17 грамға жетпейтін алтынға иелігіндегі басқа зекет малдарын, мысалға, ақшаны қосқан жағдайда нисап көлеміне жетіп жатса, зекет беріледі. Ал бұл мәселеде Имам Мұхаммед пен Әбу Юсуптың пікіріне сүйенсек, 85 грамнан асқан алтыннан 17 грамм мөлшеріне жетсін-жетпесін қырықта бірі зекетке алынады.

Егер алтыннан жасалған заттар мен бұйымдары нисап көлеміне жетіп жатса, зекеті міндетті түрде берілуі тиіс. Аталмыш заттардың зекетін екі түрде беруге болады. Алтындай немесе басқа зекет малдарынан. Егер алтындай берсе, бұйымның салмағы өлшеніп, қырық та бірі беріледі. Ал басқа зекет малдарынан берілетін болса, бұйымның салмағына қарай емес, бағасына қарай беріледі.

Басқа кендермен араласқан таза емес қоспа алтынның (мағшушун) зекеті жайында Ислам ғұламаларының әр түрлі пікірлері бар. Ханафи мәзһабында алтынның көлемі басқа кендерден басым немесе тең болса, барлығы алтын деп есептеліп, соған қарай зекеті беріледі. Ал, Шафиғи мәзһабында басқа кендерден тыс таза алтынның салмағы нисап мөлшеріне жетпей зекет алынбайды.

(материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды)

Бөлісу: