24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Зекеті берілетін байлықтың түрлері мен көлемі

«Олардың дүние-мүлкінен садақа (зекет) ал да, сол арқылы оларды күнәларынан тазарт әрі сауаптары мен ықыластарының арта түсуіне дәнекер бол» («Тәубе» сүресі, 103-аят).

Зекет пен садақаның айырмашылығы

Садақа – дүние-мүліктен көп берілсін, аз берілсін «садақа» деп аталады. Яғни, оның белгілі бір мөлшері жоқ. Ал, зекеттің жөні басқа. Зекет шариғаттың белгілеген мөлшерімен белгілі адамдарға ғана беріледі.

Зекет ғибадаты бауырмалдыққа тәрбиелейді

Зекеттің шариғаттағы терминдік мағынасы: зекет беретін нисап мөлшеріне жететін байлыққа ие болған мұсылманның байлығының белгілі бір бөлігін жылына бір рет Алла Тағаланың  ризалығы  үшін  Құранда  белгіленген адамдарға иелендіруі.

Бағалы дүниеден садақа берудің сауабы

«Жақсы көрген дүниелеріңнен (яғни, бір бөлігін болса да) Алла жолында жұмсамайынша, ізгілікке қол жеткізе алмайсыңдар» («Әли Имран» сүресі, 92-аят).

Садақаға алушыдан гөрі беруші көбірек мұқтаж

Пенде мұқтажға садақа берумен сауапқа кенеледі әрі мүлкінен ештеңе кемімейді. Керісінше, жұмсаған дүниесінің орны қайтадан толып отырады. Жаңасымен ауысады. Алла оның тапқан малына (яғни ақшасына, дүниесіне) береке беріп қояды. Алайда, садақаға алушыдан гөрі беруші көбірек мұқтаж

Зекет – Исламның көпірі

Өзара бауырмалдық пен жанашырлыққа, адамгершілікке  негізделген салауатты қоғам құруды мақсат ететін Ислам дінінде әр мұсылманға бес парыздың жүктелетіні белгілі. Парыз – бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген діни іс-әрекеттер мен міндеттер.

Байлығының зекетін өтемегендердің азабы

Қолдарындағы байлықтарының зекетін бермеген адамдардың ақыретте тартатын азаптарының өте ауыр екендігі туралы Әбу Һурайрә (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) былай деп айтқанын риуаят етеді: «Зекетін бермеген адамның байлығы ақырет күні ірі жылан пішініне кіреді.

Зекеттің адам мен қоғамға берері не?

Құранда зекет парыз ғибадаты ретінде отыз жерде айтылса, оның жиырма жетісінде намазбен қатар айтылады. Мұның өзі бір жағынан зекеттің намазбен тығыз қатынасын білдірсе, екінші жағынан оның намаздан кейінгі үлкен парыз екендігін көрсетеді.

Зекетті Рамазан айында беру міндетті ме?

Зекет – араб тілінен енген сөз. Бұл сөздің тілдік мағынасы «көбею, өсу, тазару» дегенді білдіреді. Құран Кәрімде: «Расында, өз нәпсісін тазартқан кісі (тозақ азабынан) құтылды»[1], - деп зекет берудің тазару мағынасында қолданылғандығы бұған дәлел.

Садақаның ақысыз болуын қаласаңыз

Кейде қанша жақсылық жасағымыз келсе де, қалтамыздан ақша шығарып, өзгелерге садақа беруге мүмкіндік тумай жатады. Ал біз жарты құрмамен болса да, өзімізді тозақ азабынан арашалап қалуға бұйырылғанбыз.