25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Садақаға алушыдан гөрі беруші көбірек мұқтаж

Садақаға алушыдан гөрі беруші көбірек мұқтаж

Зекет

Пенде мұқтажға садақа берумен сауапқа кенеледі әрі мүлкінен ештеңе кемімейді. Керісінше, жұмсаған дүниесінің орны қайтадан толып отырады. Жаңасымен ауысады. Алла оның тапқан малына (яғни ақшасына, дүниесіне) береке беріп қояды. Алайда, садақаға алушыдан гөрі беруші көбірек мұқтаж

Себебі, сіздің берген ақшаңызды не затыңызды алған адам оны бір-екі рет пайдаланады не бір рет тойып тамақ ішеді. Содан кейін ол ұмытылып, өмірдің бір қалтарысында жасырынып қала береді. Себебі, өмір тоқтап қалған жоқ. Ол ары қарай өз ағысымен жалғаса береді. Біреуге жасаған жақсылық ерте ме, кеш пе, ұмытылады. Бірақ оның сауабы... Оның сауабы арғы дүниедегі есепшотыңызға салынып қойылады және ең қызығы, сол ісіңіздің сауабы үнемі еселеніп тұрады да, алдыңыздан көбейіп, үлкен бір жақсылық болып шығады! Сондықтан садақа беріп, біреуге көмектесіп жатқанда арғы дүниедегі өзіңізге жіберіп жатқаныңызды, өзіңіздің ертеңгі қамыңызды жасап жүргеніңізді ұмытпаңыз!

ummet.kz

Бөлісу: