24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Өзгеге бергенің – өзіңе қалдырғаның

Өзгеге бергенің – өзіңе қалдырғаның

Зекет

Қоғамдағы пақыр және қиналып жүргендерге жәрдем ретіндегі қайыр-садақалар қоғамдық тепетеңдіктің және тәртіптің жалғасуын қамтамасыз ететін болғандықтан дүниеде де, ақыретте де сауабы көп болады.

Төмендегі мысал бұл шындықты қандай керемет айқындайды:

Бір күні қайыршының біреуі Хазірет Алидің (р.а.) алдында тұрып бір нәрсе сұрайды. Хазірет Али (р.а.) ұлдары Хасан мен Хұсейнге: «Шешелеріңе барып үйдегі алты дирхамды алып келіңдер!» - дейді.

Хасан мен Хұсейн барып алты дирхамді әкелеріне әкеліп береді. Хазірет Али ол ақшаны қайыршыға береді. Алайда сол кезде өздерінің ақшаға қажеті болып тұрған-ды. Фатима анамыз онымен ұн алмақшы болған еді.

Хазірет Али (р.а.) әлі үйінің табалдырығынан аттамай жатып қасына түйесін сатпақшы болған бір адам келеді. Ақшасын кейін берерсің деп түйесін Хазірет Алиге жүз қырық дирхамға сатады да, түйені есік алдына байлап кетіп қалады. Арада көп уақыт өтпей басқа бір адам келеді де, сол түйені екі жүз дирхамға сатып алып ақшасын қолма-қол төлейді.

Хазірет Али (р.а.) түйенің бұрынғы иесіне қарызын төлеп, қалған алпыс дирхамды бибі Фатимаға беріп былай дейді: «Әркім бір жақсылықпен келсе, оған сол істеген жақсылығының он есе артығы бар» (Әнғам сүресі, 160- аят) деген аятын оқып, бұл Алланың бізге берген уәдесі. Біз сол алты дирхамды бердік. Алла Тағала да он есе артығымен сыйын берді!

Бәззар, Әбу Һұрайрадан (р.а.) былай дегенін риуаят етеді: «Бірде Расулулла (с.а.у.) бір қой сойып көршілерге таратуды бұйырды. Ет көршілерге таратылды. Бір қол еті Хазірет Пайғамбарға алып келінді. Айша анамыз (р.а): «Қойдың тек бір қол еті ғана өзімізге қалды», деді. Сонда Расулулла (с.а.у.) «Қол етінен басқасының бәрі бізге мәңгі бақи қалыпты» - деді.

материал «Ораза. Зекет. Садақа» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: