24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Зекет пен садақа берердегі ең маңызды жағдай

Зекет пен садақа берердегі ең маңызды жағдай

Зекет

Зекет, садақа сияқты қайыр істеріндегі маңызды жағдайлардың енді бірі жасырын болуға назар аудару. Өйткені ашықтай берілген садақа, алған кісінің арлану сезіміне зиян келтіреді.

Уақыт өткен сайын алуға үйреніп алады да, еңбек ету қайратын және қалауын жоқ қылады. Сонымен қатар берген кісінің істеген ісін жақсы көріп, мақтануына себеп болады. Бірақ, садақа бергендердің және осындай қайыр істегендердің кейде бір елге жариялануы пайдалы болуы мүмкін. Сол арқылы халық арасында кедей-кепшікке жәрдем беру жайы іске асуы ықтимал.

Құран Кәрімде Хақ Тағала былай айтқан: «Садақаларды ашықтай берсеңдер бұл жақсы бір іс. Бірақ, оларды пақырларға жасырын түрде берсеңдер бұл сендер үшін өте қайырлы болады» (Бақара сүресі, 271-аят).

Діннің негізгі мақсаты – Алланың бар екендігін қабылдап, бекіткеннен кейін жақсы, игі, салиқалы адам тәрбиелеу және сонымен қоғамда тыныштық орнату. Осы жоғарыда аталмыш жақсылықтарға көңілде пайда болатын, мейірім мен қамқорлық сезімін тудыратын зекет пен инфақтың арқасында қол жеткізуге болады. Раббымыздың мүлкінде өмір сүріп жатырмыз. Ол берген нығметтің арқасында күн көріп жатырмыз. Сонда мал-мүлік арқылы орындалатын ғибадаттарда немқұрайды болғандар кімнің малын кімнен жасырғандарын ойламай ма?

Зекет пен садақа берердегі ең маңызды жағдай шынайылықпен, ықыласпен Алланың ризалығына жету мақсатында болу. Қайырымдылық жасағандардың мақтанулары, рақмет айтылуын күтулері және міндет қылулары мүлде дұрыс емес. Осындай бір ой, істелген қайырлардың бүкіл сауабын жуып-шайып кетеді. Негізінде берген кісі алған кісіге рақмет айтып қарауға тиісті әрі Алланың ризалығынан басқа мұрат-мақсаты болмау керек.

Өйткені Алла алдында қабылданатыны да осы. Хазірет Али мен бибі Фатиманың осы жайда істеген инфақтарын керемет деп көріп, ұнатқанына қосымша басқа мұсылмандардың да істейтін инфақтарын дәл сондай орындауға бұйыру ретінде Алла Тағала Құранда былай айтқан: «Олар өздері жақсы көріп тұрса да тамақтарын кедейге, жетімге және тұтқынға береді де оларға: «Мынаны сендерге Аллаһ ризалығы үшін беріп тұрмыз. Сендерден (бұл ісіміз үшін) сый көрсетілуін және рақмет айтуды күтпейміз. Біз Раббымыздың (қорқынышты азабынан беттері) тырысып, бүрісіп қалатын күнінен қорқамыз дейді. Аллаһ та оларды сол күннің жамандығынан сақтайды. Олардың жүздеріне жарық, көңілдеріне қуаныш береді» (Инсан сүресі, 8-11 аяттар).

Міне, инфақта шынайы болып шын мәніндегі жомарттыққа жете алсақ бізге қандай бақыт!

материал «Ораза. Зекет. Садақа» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: