25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пітір садақасы кімдерге берілуі тиіс?

Пітір садақасы кімдерге берілуі тиіс?

Зекет

Пітір садақасы кімдерге берілуі тиіс?

Пітір садақаны Құранда айтылған жағдайы жоқ жандарға, ештеңесі жоқ міскінге, зекет жинауға тағайындалған белгілі адамдарға, қарызға батқандарға, Алла жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға, қаржылары бітіп, жолда қалған жолаушыларға берсе құба-құп. Әкешешесіне, ата-әжесіне, әйеліне, өзінің ұл-қыздарына, олардан туған немерелеріне садақа беру дұрыс емес. Пітір садақаны алдымен бауырларына, туыстарына, ағайындарына, көршілеріне берген абзал. Одан артылып жатса немесе беретін жері болмаса, мешітке апарып берсе де болады. Бұл үрдіс бізде бұрыннан қалыптасқан. Мешіт оны мұқтаж жандарға үлестіреді және дін жолында пайдаланады.

материал «Оразаға қатысты 100 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: