24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әр мұсылманға мотивация беретін 10 аят

Әр мұсылманға мотивация беретін 10 аят

Бір аят тәпсірі
Жарнама

Қасиетті Құран Кәрімде әр мұсылманға мотивация беретін 10 аят:

1. «Егер олар сенен бет бұрса: «Маған Алла жетіп артылады» деп айт» («Тәуба» сүрес, 139-аят).

Еш қайғырма! Алла сенімен бірге болған болса, бүкіл дүние сенен теріс айналса да, сен ешнәрсе жоғалтпаған боласың.

 

2. «Әттең-ай, шынайы өмірім үшін жұмыс жасағанымда еді» («Фәжір» сүресі, 24-аят).

Қабірдегілердің өкініші. Кеудеңде жан тұрғанда дәл қазір сен де құлшылық жасауға мүмкіндік бар.

 

3. «Алла біледі, сендер білмейсіңдер» («Бақара» сүресі, 216-аят).

Өміріңдегі кейбір кешігіп келетін жақсылықтар Алланың кемел даналығының нәтижесі. Оны жалғыз Алла ғана білуші. Ісіңнің барлығын, жүру барысын Аллаға тапсыр. Оған сен, асықпа, үміт үзбе!

 

4.«Сендер қандай да бір жақсылық жасасаңдар да Алла оны біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят).

Бұл жүрегіңді тыныштандыратын аят. Адамдардан еш рақмет естімесең де, ешкім елеп-ескермесе де жақсылығың Алланың қасында сақтаулы тұрады. Алла оны қорғайды, өсіреді, ақысын еселеп береді.

 

5.«Қандай да бір жапырақ түссе, Алла оны біледі» («Әнғам» сүресі, 59-аят).

Алла сенің жағдайыңды, көзіңнің жасын, көңіліңнің қаяуын, кеудеңнің мұңын, жүрегіңнің уайымын білуші.

 

6.«Ол (Юнус) қараңғылықтарда (Раббысына) жалбарынды» («Әнбия» сүресі, 87-аят).

Қолымнан ешнәрсе келмейді деме. Кит жұтқан Жүніс пайғамбар секілді теңіз қараңғылықтарында емессің. Кең дүниеде тербеліп жүрсің.

 

7.«Алла сендерді ризық-несібеде бір-біріңнен артық етті» («Нахыл» сүресі, 71-аят).

Әркімнің маңдайына жазылған өз әлемі бар. Әркімнің бақыты өз несібесімен бірге жүреді. Өзгенің әлеміне көзіңді сатпа, көңіліңді бұзба.

 

8.«Алланың көріп тұрғанын білмеді ме?» («Алақ» сүресі, 14-аят).

Есесіне өкініш пен қасірет әкелетін кейбір «жалғыз қалған» кездер болады. Есесіне қуаныш пен дәреже сыйлайтын бір «сәттер» бар.

 

9.«Араларыңнан орын беріңдер десе, ашылыңдар. Алла да сендерге кеңшілік етеді» («Мужәдәлә» сүресі, 11-аят).

Бір адамның бақыты үшін орныңды ұсынсаң, бүкіл дүние сен үшін кеңейетініне сене бер.

 

10.«(Мұхаммед с.ғ.с) олардың мал-дүниелерінен садақа ал. Ол садақа оларды тазартады, дүниелерін молайтады» («Тәуба» сүресі, 103-аят).

Садақаны Алла кедейлерден бұрын ең бірінші сенің пайдаң үшін бекітті.

ummet.kz

Бөлісу: