16
Бейсенбі,
Қаңтар

һижри

«Балам, әтеш сенен ақылды болып кетпесін»

«Балам, әтеш сенен ақылды болып кетпесін»

Ғибратнама
Жарнама

Лұқман Хакім өзінің баласына айтқан өсиеттерінің бірінде:

«Ұлым, әтеш сенен ақылдымболып кетпесін. Ол таңсәріден бастап зікір айта бастайды , сен сол уақытта ұйқыда жатпа», - деген.

Мына өлең жолдары қандай тамаша айтылған:

Түн жамылған құстар бақта тыным таппай сайрайды.

Зікір етіп Жаббар Хақты жүрек жырын арнайды.

Ғашықпын деп Жаббар Хаққа ант ішкенім бекер-ау,

Болсам егер Хаққа ғашык құстан асып кетер ем.

Ғылым үйренудің түпкі мәні мен мақсаты – Ұлы Жаратушыға мойынсұну және құлшылық жасаудың мәнісін ұғыну.

Мына нәрсені біліп ал: Жаратушыға мойынсұну мен құлшылық жасау дегеніміз – Оның бұйрықтары мен тыйымдарын сөзбен де, іспен де атқару. Яғни, айтқан әрбір сөзің мен жасаған іс-әрекеттерің шариғатқа сай болуы тиіс. Мәселен, айт күндері және тәшриқ күндері ораза ұстасаң, асылық қылган боласың немесе өзгенің киімін күшпен тартып алып, сонымен намаз окысаң, күнә табасың. Намаз бен ораза игі істерге жатқанымен, оны осындай кейіпте орындау адамды күнәһар етеді.

 материал Имам Ғазалидың «Балама өсиет» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: