25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жұма күні оқылуы тиіс ең таңдаулы дұға

Ғибратнама
Жарнама

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім жұма күні «Кәһф» сүресін оқыса аяғының астынан көктің ернеуіне дейін нұр шашылып, қиямен күні оны жарықтандырады, Алла оның екі жұма арасындағы күнәларын кешіреді» деген  (Әт-тарғиб уат-тарһиб).

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім «Кәһф» сүресінің әуелгі он аятын жаттаса, Дажжалдан (ақыретке жақын келетін бүлікшіл, суайт адам) сақталады» деген (Муслим).

الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أَنزَلَ عَلَىٰ عَبْدِهِ الْكِتَابَ وَلَمْ يَجْعَل لَّهُ عِوَجًا

 قَيِّمًا لِّيُنذِرَ بَأْسًا شَدِيدًا مِّن لَّدُنْهُ وَيُبَشِّرَ الْمُؤْمِنِينَ الَّذِينَ يَعْمَلُونَ الصَّالِحَاتِ أَنَّ لَهُمْ أَجْرًا حَسَنًا

 مَّاكِثِينَ فِيهِ أَبَدًا

وَيُنذِرَ الَّذِينَ قَالُوا اتَّخَذَ اللَّهُ وَلَدًا

مَّا لَهُم بِهِ مِنْ عِلْمٍ وَلَا لِآبَائِهِمْ كَبُرَتْ كَلِمَةً تَخْرُجُ مِنْ أَفْوَاهِهِمْ إِن يَقُولُونَ إِلَّا كَذِبًا

 فَلَعَلَّكَ بَاخِعٌ نَّفْسَكَ عَلَىٰ آثَارِهِمْ إِن لَّمْ يُؤْمِنُوا بِهَٰذَا الْحَدِيثِ أَسَفًا

 إِنَّا جَعَلْنَا مَا عَلَى الْأَرْضِ زِينَةً لَّهَا لِنَبْلُوَهُمْ أَيُّهُمْ أَحْسَنُ عَمَلًا

وَإِنَّا لَجَاعِلُونَ مَا عَلَيْهَا صَعِيدًا جُرُزًا

 أَمْ حَسِبْتَ أَنَّ أَصْحَابَ الْكَهْفِ وَالرَّقِيمِ كَانُوا مِنْ آيَاتِنَا عَجَبًا

 إِذْ أَوَى الْفِتْيَةُ إِلَى الْكَهْفِ فَقَالُوا رَبَّنَا آتِنَا مِن لَّدُنكَ رَحْمَةً وَهَيِّئْ لَنَا مِنْ أَمْرِنَا رَشَدًا

 

«Барлық мақтау құлына (Мұхаммед (с.ғ.с)-ға) Құранды түсірген Аллаға тән. Онда ешбір қыңырлық қылмады» (1).

«Өте түзу Құран; Алланың қасынан; Қатты азаппен үрейлендіру, түзу іс істеген мүміндерге, көркем сыйлық барлығын сүйіншілеу үшін» (түсірілді) (2).

«Олар, онда (Жәннатта) мәңгі тұрады...» (3).

«Сондай-ақ: «Алланың баласы бар» дегендерді ескерту үшін (түсірді)» (4).

«(Алланың баласы болуына байланысты) не өздерінің не аталарының мәліметі жоқ. Ауыздарынан шыққан сөз тым үлкен. Негізінде олар мүлде өтірік айтады» (5).

«(Мұхаммед (с.ғ.с)-ға) енді олар бұл Құранға сенбесе, арттарынан кейіп, өзіңді жоя жаздайсың» (6).

«Біз адам баласының қайсысы жақсы амал істейді деп сынау үшін жер үстіндегі нәрселерді жердің көркі қылдық» (7).

«Күдіксіз, біз, жер жүзіндегі нәрселерді, әлбетте мүлде шөл топырақ ете аламыз» (8).

«(Мұхаммед (с.ғ.с)-ға) үңгірдегілерді және жазуды, таңырқарлық белгілерімізден деп ойладың ба?» (9).

«Сонау заманда жігіттер үнгірге бекінді де: «Раббымыз! Бізге өз қасыңнан игілік бер! Біз үшін бұл ісімізде тура жол әзірле» деді (10).

ummet.kz

Бөлісу: