27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Шынайы иманға қол жеткізген қыз (ғибратты оқиға)

Шынайы иманға қол жеткізген қыз (ғибратты оқиға)

Ғибратнама
Жарнама

Хазірет Омар халифа кезінде сүт сатушыларға сүтке су қосып сатуына тыйым салып, бұл бұйрығын халыққа хабарлады.

Қаланың тәртібін бақылау үшін түнде Мәдина қаласын аралап жүрген кезде шаршап, біраз тынығып алу үшін бір үйдің қабырғасына сүйенді. Солақ екен, үйдің ішіндегі анасы мен қызының арасында болған мына әңгімені естіді: Анасы:

– Қане қызым, тұр да сүтке су қос. Қызы:

– Халифаның сүтке су қосып сатуға тыйым салғанын білмейсіз бе? Анасы:

– Иә, білемін. Қызы:

– Олай болса, халифа тыйым салған істі қалай орындамақпын?! Анасы:

– Тұр да сүтке су қос, Омар сені қайдан көрсін. Қызы:

– Омар көрмесе де Алла көріп тұрған жоқ па?!

Хазірет Омар бұл әңгімені естігеннен кейін үйіне қайтты. Жақсы тәрбие алған, адамгершілігі жоғары бұл кедей қызға құда түсіп, баласы Асымға үйлендірді. Міне, Аллаға иманның (сенімнің) адамның әрекеттеріне жағымды әсері...

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: