25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) балақайға үйреткен төрт сөзі

Пайғамбардың (с.ғ.с) балақайға үйреткен төрт сөзі

Ғибратнама
Жарнама

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Абдулла ибн Аббасқа былай деді:

«Уа, балақай! Мен саған бірнеше сөздерді үйретемін.»


1.Алланы (тіліңде, жүрегіңде) сақта, сонда Ол сені сақтайды. Алланы сақта, сонда оны алдыңнан табасың.

2.Бірдеңе сұрасаң, Алладан сұра. Жәрдем тілесең, Алладан тіле.

3.Алланы сақта (Алланың шариғатын сақта, бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан аулақ бол) сонда Алла саған әрдайым табыс әкеледі.

4. Бүкіл халық жиналып, саған бір пайда келтірмек болса да, тек Алла жазған нәрсені ғана келтіре алатындығын және олар саған бір зиян келтірмекке жиылса да, тек Алланың жазғанын ғана келтіре алатындығын білгейсің. «Қаламдар көтерілді, парақтар кеуіп кетті (яғни тағдыр тақтасына бәрі жазылды)» (Тирмизи).

материал «Төртеу түгел болса» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: