25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ей, Алланың құлы! Жүгіңді таста да, өтіп кет!

Ей, Алланың құлы! Жүгіңді таста да, өтіп кет!

Ғибратнама
Жарнама

Дүниеде адам баласын шырмауына алып, барлық рахатын қашыратын нәпсіқұмарлықтың тартымдылығы мәңгілік өмірді азапқа айналдыратын оттың шоғы ғана емес пе? Бұл дүниеден ақыретке жіберген нәрсеміздің бәрі біздікі. Ал, түрлі машақаттарға төзіп, артымызда қалдырғандарымыз – дүние мен мұрагерлеріміздікі.

Әбу Һурайрадан келген риуаятта: «Адам өлген кезде періштелер “Не әкелді?” дейді. Адамдар болса “Не қалдырды?” дейді» делінген (Бәйһаки, Шүабүл Иман, VII, 10475).

Салиқалы жандардың біреуі былай деген екен: «Түсімде өзімді жәһаннам көпірінің үстінде тұрғанымды көрдім. Сол жерге үлкен қорқынышпен әрі уайыммен қарадым. Өзіме-өзім:

– Бұл жерден қалай өтемін? – деп тұрғанда, сол жердегілердің біреуі:

– Ей, Алланың құлы! Жүгіңді таста да, өтіп кет! – деді. Оған:

– Қандай жүгімді? – дегенімде:

– Дүниені таста! – деп үн қатты (Рұхул Баян, II, 470).

Жүректен алып тастауды қажет ететін дүниенің не екенін Хазіреті Мәулана былай қорытындылаған: «Мынаны білгейсің! Дүние – ақша, малмүлік, әйел, бала-шаға, киім-кешек пен сауда-саттық емес. Дүние – Алладан ғапыл болу». Яғни, жүректі мазалап, құлды ғапылдыққа итеріп, Раббысын ұмыттыратын әр нәрсені жүректен шығарып тастау керек.

Раббымыз бізді аманат ретінде берген нығметтерді ахіреттің қорына айналдыра білген салих, садық құлдарынан жазсын!.. Бізді қиямет күні мақрұм қалдырмасын!.. Бізді қиямет күні мұңаятындардан аулақ қылсын!

материал «Бір насихат» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: