25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Имамға ұюшы адамдар намаз ішіндегі барлық зікірлерді оқи ма?

Имамға ұюшы адамдар намаз ішіндегі барлық зікірлерді оқи ма?

Намаз

Сұрақ: Имамға ұюшы адамдар намаз ішіндегі барлық зікірлерді оқиды ма?

Жауап: Жоқ, барлық зікірлерді оқымайды. Тәкбір алып қиямда тұрғанда тек «Сана» дұғасын оқиды. «тәғауз, бәсмәллә, зәм» сүрелерін оқымай үнсіз тұрады. Рүкүғтан қиямға қайтқанда имам «Сәмиаллаһу лимән хамида» сөзін өзі ғана айтады. Ал имамға ұюшылар «Раббәнә ләкәл хамд» айтады. Қалған басқа зікірлерді имам да, ұюшы да айтады. Бірақ имам тәкбірлерді, «Сәмиаллаһу лимән хамида» және сәлемді дауыстап айтады. Ал ұюшылар барлық зікірлерді іштей айтады. Дауыстап оқылатын намаздарда ұюшылар «Фатиха» сүресінен кейін іштей «әмин» дейді.

Сұрақ: Ұюшы адам біреу болса, имамның қай жағында тұрып оқиды?

Жауап: Имамның оң жағына жақын тұрады, аяғының бармақтары имамның табанының тұсында болады. Имамның сол жағында немесе артында тұрып оқуға да рұқсат, бірақ ол сүннет емес.

Сұрақ: Ұюшының табаны имамның табанымен бірдей болса немесе имамның артында тұрып бірақ, отырған кезде ұюшының тізесі имамның тізесінен асып тұрса зияны бар ма?

Жауап: Зияны жоқ.

Сұрақ: Екі немесе одан да көп кісі имамға ұйыса имамның қай жағында тұрады?

Жауап: Имамның артында бір сапта тұрады.

Сұрақ: Балиғатқа толған кісілермен бірге жас балалар қосылып бір имамға ұйыса, қалай сапқа тұрады?

Жауап: Жас балалар үлкен кісілермен бірге тұрмайды. Өздері олардың артында бөлек сапта тұрады.

Сұрақ: Жас балалар үлкен кісілердің сапында тұрып намаз оқыса, олардың намазына зияны тие ме?

Жауап: Үлкен кісілердің намазына зияны жоқ. Бірақ, бұл сүннетке қайшы.

материал «Ислам ғибадаты» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: