25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жұма намазын оқи алмаған кісі бесін намазын оқи ма?

Жұма намазын оқи алмаған кісі бесін намазын оқи ма?

Намаз

Ханафи мәзхабы бойынша, белгілі себептерге байланысты жұма намазына бара алмаған кісі бесін намазын оқиды.

Өйткені, сол уақыттағы негізгі парыз намаз, ол – бесін намазы. Бірақ, аптасына бір рет оның орнына "жұма намазын" оқу бұйырылды. Жұма намазын оқу мүмкіндігі болмай қалған жағдайда, бесін намазын оқу міндеті қайта жүктеледі. Мысалы, жолаушыға жұма намазы парыз емес, бірақ, бесін намазын оқиды. Әйел кісіге жұма намазына бару парыз емес, бірақ, бесін намазын оқуы керек.

«Кәнзуль Ъуммәл» атты хадистер жинағында, Әзіреті Әлидің мынадай бір сөзі келтірілген. Ардақты сахаба былай дейді: «Жұма күні жұма намазын оқу парыз болған мекенде адамдар бесін намазын жамағатпен оқымайды»[1]

Әзіреті Әлидің (р.а) осы бір сөзінен "жұма намазын оқи алмаған кісі бесін намазын оқиды, бірақ, жамағатпен емес, жалғыз оқиды" деген үкімді байқауға болады.

 

[1] Алә’уддин Али әл-Муттақи ибн Хисамуддин әл-Һинди, «Кәнзуль Ъуммәл», №23309 хадис. 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: