25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құлшылықтың сауабы болмаса, тек шаршағаның қалады

Құлшылықтың сауабы болмаса, тек шаршағаның қалады

Намаз

Мәдинада Құзман есімді батыр кісі бар еді. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) ол жайлы сұрағанда: – Ол – тозақы, - дейтін.

Бұл сөздің мәнісін көбісі түсіне бермейтін. Неге батыр Құзман жайлы бұлай дейді?! Құрайыш Мәдинаға шауып, «Ұхұд» соғысы болғанда мәселенің басы ашылады. Құзман да қаланы қорғауға шығып бір өзі сегіз дұшпанды жастандырып, қатты жараланып қалады.

– Қуана бер Құзман! Жақсылық жарасы ғой, - деп өзін жұбатқандарға, ол:

– Мен өз руымды қорғап соғысып жүрмін, мұсылман емеспін, - дейді.

Артынша жарақатының ауырғаны жанына қатты батып шыдай алмайды. Қорамсағынан бір жебені суырып алып өз-өзіне сұғып алады да, сол мезетте жан тапсырады.

Алла Өзі үшін жасалған істі ғана қабыл етеді. Басқалар көрсін деп берген садақаң – солар үшін. Қажы десін деп жасаған қажылығың – адамдар үшін, Алла үшін емес. Кісі көрсін деп жасаған қандай да амалың өзгелер үшін болып кете береді. Ниетіңді дұрыста. Құлшылықтың сауабы болмаса, тек шаршағаның қалады. Ықыласың жоқ болса, өзіңді шаршатпа!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: