25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің 44-мәжілісі басталды (фото)

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің 44-мәжілісі басталды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Астана қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің 44-мәжілісі басталды.

Кеңес жұмысын ашқан ҚМДБ Төрағасы: «Аллаға шүкір, Ғұламалар кеңесінің жұмысы жоғары деңгейде өтіп келеді. Соның нәтижесінде қоғамға пайдалы, өзекті пәтуалар жарияланды. Тиісті концептуалды құжаттар қабылданды.  Өздеріңізге белгілі, «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында бірнеше Республикалық, халықаралық шаралар, конференциялар, семинарлар өткіздік. Өздеріңіздің қатысуларыңызбен «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Дін мен дәстүр» кітабының ІІІ томы және бірнеше уақыттан бері қолға алған ғылыми жобамыз «Ислам энциклопедиясы» кітабының І томының тұсауын кестік. 

Расында да бұл кітаптардың қоғам үшін пайдасы мол. Аталған кітаптарға сіздер де үлкен үлес қостыңыздар. Көп еңбек жасадыңыздар. Осы орайда атсалысқан баршаңызға Алла разы болсын дегім келеді» деді.

Айта кетейік, бүгін мәжілісте «Кибербуллингтің шариғаттағы үкімі», «Квадробердің шариғаттағы үкімі», «Дің жасушалары донорлығының үкімі», «Денеге нақыш (татуировка) салудың үкімі», «Сурет салудың үкімі» және «Жол жүру ережесін сақтаудың үкімі» тақырыбында әзірленген пәтуалардың мазмұны талқылануда. Қабылданған пәтуалардың мәтіні мүфтияттың ресми ақпарат құралдарында жарияланады.

Бөлісу: