Сіз «жаман» деп сипаттайтын әрбір тәжірибе толығымен пайдалы. Сол сәтте түсіну, көру және бағыттау керек нәрсе бар. Өйткені сіздің ілгерілеуіңіз, дамуыңыз, өсіп-жетілуіңіз соған байланысты.
Расында, сіз алған бақыттан гөрі осы уақытқа дейін көрген азапты жақсы көресіз. Осы азаптардың арқасында бүгінгі күнге жеттіңіз. Көбіміз қатты ренжіп, қалаған нәрсеміз орындалмады деп шағымданамыз. Бірақ кейін қанша рет «Бәрекелді, олай болмағаны дұрыс болыпты, бізді Құдай сақтапты!» демедік пе? Осындайда тағы Мәуланаға ораламыз. «Бірдеңені қаласаң, бірін ізде, жоқ болса, мыңын ізде...» Тынбай еңбек еткен дұғаларыңыз орындалса, әрине, онда жақсылық бар. Ең бастысы, сіз өз күш-жігеріңіздің жемісін көрудің қанағатын және бақытын сезінесіз. Әйтпесе, сол жұмыста көруге лайық емес сансыз апаттар бар екенін және барлық күш-жігерің үшін Жаратушы сізді олардан қорғағанын біліңіз.
Әрбір келетін адамды Қыдыр деп біл. Бұл тақырыпта Ибн Арабидің оқиғасы туралы айтайын. Ибн Араби өмірін өзгертетін дана адамды іздейді. Ол сондай дана болуы керек, оның өмірі әп-сәтте өзгеретіндей сөз айту керек екен. Өмірін өзгертетін адам ғұлама немесе әулие болады деп ойлаған. Сол себепті жылдар бойы құнды ұстаздарды табуға күш салады. Бірақ, оның өмірін қарақшы өзгертіпті. Олар керуенмен бір жерден екінші жерге саяхаттаған. Керуеннің жол ережесі бойынша олар түйе жүкті ғана ала алатын. Керуен басы: «Ең қымбат дүниелеріңді ғана алыңдар...» депті. Ибн Араби де ойланып, қозғалып, ең құнды дүниесі – кітаптары деп шешіп, өзімен бірге ала кетеді. Олар жолда келе жатқанда, бір күні қарақшылар жолды жауып тастайды. Әркімнің бағалы заттарын бірінен соң бірін жинай бастайды. Осы кезде қарақшылардың басы Ибн Арабиге жақындап: «Қызық, түйеңе не тиелген?» деп сұрайды. «Менің кітаптарым...» деп жауап берді Ибн әл-Араби. «Неге өзіңмен басқа ештеңе алмадың?» – деп сұрады бұзақы. «Себебі, менің ең қымбат дүниелерім – кітаптарым». Жауап ретінде карақшы Ибн Арабиге, сосын түйеге қарады. «Мына кітаптарды жинап, өртеп жібер!» – деп жолдастарына бұйырды. Ибн Араби уайымдап, қатты күйзеледі. Ол бұған жол бергісі келмей, қарсылық білдіреді. Бірақ, қарақшы бұрылып: «Егер бұл кітаптар сен үшін құнды болса, олар түйеде емес, басыңда болар еді» депті. Ибн әл-Араби өмірінің ең маңызды сабағын сонда алғанын айтады. Яғни, бір әулиенің өмірін өзгертуін күтіп жүрген адамға, өмір бойы ұмытпайтын сабақты қарақшы берген. Кездейсоқ жолымызды тосып жатқан ешкім жоқ. Оның қоржынында біздің өмірімізді өзгертетін сабағы бар. Бұл қашан болатынын болжай алмаймыз. Өйткені өмір – болжауға болмайтын процесс.
материал «Жолға шық, жол саған көрінеді» кітабынан алынды,
ummet.kz