08
Сәрсенбі,
Қаңтар

һижри

Көркем мінезсіз иман – шолақ иман

Көркем мінезсіз иман – шолақ иман

Иман келтіру

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Тай тайпасы тұтқындарының маңынан өтіп бара жатқанда бір әйел атып тұрып:

– Уа, Мұхаммед! Мені босатпайсың ба? Әкем көптің жақсысы, жығылғанға демеу, сүрінгенге сүйеу, қиналғанға көмекші, қысылғанға жәрдемші еді. Алдына кім келсе де өкініп қайтпайтын. Мен Хатим Тайдың қызы Саффанамын, - дейді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

– Босатыңдар! Әкесі жақсылыққа шақыратын еді, - дейді.

Дін ұстану – тек мешітте намаз оқу емес. Дін мінезіңде, жүріс-тұрысыңда, көршілермен қарым-қатынасыңда көрінуі керек. Дін тәспіде, жайнамазда, мисуәкта емес, дін жүректе болуы керек. Адамдығыңды, кішіпейілділігіңді басшылар алдында естігің келсе де, көрсете білу де – мұсылмандық. Көркем мінезсіз иман – шолақ иман.

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: