12
Сәрсенбі,
Наурыз

һижри

Сәресі – Алладан кешірім сұрайтын сәт

Сәресі – Алладан кешірім сұрайтын сәт

Ораза

Сәресі – ризық жинаудың орайлы сәті. Бұған қатысты Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген екен: «Таң намазын оқығаннан киін ризықтырыңды табудан қапы қалып, ұйықтамаңдар». Сәресіге тұрған адам құлшылығын жасап болған соң, ризық жинау үшін амал етеді.

Сәресі ерте тұруға дағдыландырады. Халқымызда «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген жақсы сөз бар. Расында, ерте тұру адамның денсаулығы мен өміріне жақсы әсер етеді. Ерте тұрған адам күні бойы сергек жүреді. Ерте оянған адам сол күнге жоспарлаған жұмыстарын артығымен орындайды. Бұл кезде жаттығу жасауға, жеке жұмыстарды бітіруге үлкен мүмкіндік туады. Жасырып-жабары жоқ, біздің өміріміздің көп бөлігі ұйқымен өтуде. Көп ұйықтаған адам көп нәрседен құр қалатыны белгілі емес пе?..

Сәресі – Алладан кешірім сұрайтын сәт. Осы сәтте Алла өзінің Рақымды, Кешірімді сипатымен пендесінің дұғасын қабыл етіп, оның күнәсін кешіруі мүмкін. Алла Тағала таңсәріде дұға жасайтын пенделері туралы былай дейді: «Олар сәресі уақытында Алладан кешірім тілейді» («Зарият» сүресі, 18-аят).

Сәресіге тұру денсаулықтың жақсаруына әсер етеді. Қазіргі таңда медицина мамандары таң атар алдында ұйқыдан ояну адам денсаулығына оң әсер ететінін айтуда. Бүгінгі заманның ғалымдары осылай деген болса, осыдан он төрт ғасыр бұрын Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сәресіге тұрыңдар, денсаулықтарың жақсарады» деп айтып кеткен.

Сәресі тамағы ораза ұстаған адамға күш-қуат береді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәресі ішу арқылы өзімізге көмектесу қажеттігін өсиет етіп кеткен. Сәресін ішкен адам күні бойы әлсіздік пен аштықты сезбейді. Сондықтан біз сәресіге тұру арқылы өзімізге көмектесуіміз керек.

материал «Ораза: әдебі мен міндеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: