12
Сәрсенбі,
Наурыз

һижри

Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) келген ауызашар дұғалары

Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) келген ауызашар дұғалары

Ислам тарихы

Рамазан оразасының әдебі: Пайғамбарымыздан келген ауызашар дұғаларын жасауға дағдылану

Әбу Дәуіттің хадис жинағында Абдулла ибн Омардан жеткен риуаятта Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Алланың қалауымен ауыз ашқаннан кейін адамның шөлі басылып, бойына су тарап, Жаратқанның құзырында сауапқа кенелді» дейтіні айтылған. Пайғамбарымыз ауыз ашқанда төмендегідей дұғалар жасаған.

Ибн Сунни Аббастан (р.а): «Раббым! Сен үшін ораза тұттым. Сенің берген ризық-несібеңмен аузымды аштым. Ұстаған оразамды қабыл ете гөр! Расында сен барлығын білушісің әрі жасаған дұғаларды қабыл етушісің» деген дұғаны риуаят еткен.

Имам әд-Дарақұтни риуаятында былай айтылады: «Сендердің біреулерің ораза болып, алдына ас келсе: «Алланың атымен бастаймын! Барлық мадақ-мақтау Аллаға тән! Я, Раббым! Сен үшін ораза ұстадым, сенің берген несібеңмен аузымды аштым, саған ғана тәуекел еттім! Шүбәсіз, сен барлық кемшіліктен пәксің әрі жалғызсың! Сол үшін менің ұстаған оразамды қабыл ал! Расында сен күллі жаратылысты білушісің әрі естушісің» десін».

Имам ибн Сунни Муғаз ибн Зухрадан риуаят еткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с): «Ораза ұстауыма жәрдемші және ауыз ашуыма ризық берген Аллаға сансыз мадақтар болсын», - деген.

материал «Ораза: әдебі мен міндеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: