25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ораза айт туралы маңызды ақпарат

Ораза айт туралы маңызды ақпарат

Мешіт тынысы
Жарнама

13 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – Елорда мешіттерінде маусым айының 15-жұлдызында таңғы сағат 07:00-де ораза айт намазы оқылады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Нұр Астана» орталық мешітінің ұйытқы болуымен Астананың барлық мешіттерінде айт намазына орай мерекелік іс-шаралар мен уағыз-насихат ұйымдастырлып отыр. Осы жылы ораза айт мейрамының алғашқы күні қасиетті жұма күніне сәйкес келіп тұр.

Айт намазына келерде төмендегі сүннет амалдарға мән берген абзал:

  • Таңертең ерте тұру
  • Ауыз қуысын тазалау
  • Ғұсыл құйыну
  • Әдемі, жақсы киімінен киіну
  • Иіссу себіну
  • Айт намазына шығар алдында құрма жеу

Қазақстан қалалары бойынша айт намазының уақыты осы жерде

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: