25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти «Ырыскелді қажы» мешітінде хатым дұғасын жасады (ФОТО)

Бас мүфти «Ырыскелді қажы» мешітінде хатым дұғасын жасады (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

14 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанадағы «Алланың гүлі» кешені – «Ырыскелді қажы мешітінде» Құран хатым дұғасын жасап, жиналған жамағатқа уағыз айтты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Рамазан айы мен Қадір түнінің маңызы мен қасиетіне айрықша тоқталған Бас мүфти:

«Қадірлі жамағат! Кеше ғана келген рамазан айының аяқталуына санаулы сәттер мен сағаттар қалды. Басталған әр нәрсенің соңы болады. Осы сәтте біз өзімізге іштей есеп беріп: «Рамазанды қалай өткіздім, қандай сауапты амалдарды жасап үлгердім, оразадан кейін қандай ізгі істерді жоспарлауым тиіс», – деген сауалдар төңірегінде ойлануымыз тиіс. Рамазан – мұсылманның бір белесі іспетті. Алла Тағала оразамызды, дұға-тілектерімізді, ізгі ниетімізді қабыл еткей. Жаратушы Иеміз халқымыздың бірлігі мен берекесін арттырып, тәуелсіздігімізді баянды еткей», – деп дұға жасады.

Хатым дұғасынан кейін Серікбай Сатыбалдыұлы жамағатпен жүздесіп, кездесудің соңы салиқалы сұхбатқа ұласты.

news image 14299

348A4360

348A4367

348A4374

348A4431

348A4438

348A4343

348A4350

348A4353

348A4404

Бөлісу: