12
Сәрсенбі,
Наурыз

һижри

Мешіт әдебі: Мешітке жәрдемші болу

Мешіт әдебі: Мешітке жәрдемші болу

Ислам тарихы

Әрбір мұсылман Алла үйін құрметтеп, оған жәрдемші болуға тырысуы қажет.

Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәубе» сүресі, 18-аятында: «Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға және ақырет күніне иман келтірген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі тұрғызады. Міне, солар тура жолдан таймай, мұраттарына жетуге үміт ете алады», – деп айтқан.

Аталмыш аяттағы «кісі тұрғызады» сөзіне қатысты ғалымдар түрлі көзқарас білдірген. Бірі бұл сөзді: «мешітте болу, мүмкіндігінше мешітте көп уақыт өткізу» дегенді білдіретінін айтса, енді бір көзқараста мешіттің ғимаратын тұрғызу, оны жөндеу, мұсылмандарға қызмет етіп тұруына жағдай жасау екендігі айтылған. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Алла үшін мешіт салса, Алла Тағала оған тура сондай етіп, жәннатта бір үй тұрғызады», – деген (имам Бұхари, Мүслим).

Қисса

Тамим әд-Дари (Алла оған разы болсын) Шам шаһарынан Мәдина қаласына шырақ, зәйтүн майын және мақта алып келеді. Мәдинаға кіргендерінде жұманың кеші болатын. Тамим өзінің Әбу Базад атты қызметкеріне шыраққа май құйып, мешіт ішіне іліп қоюды тапсырады. Кешкісін Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітке келсе, іші жап-жарық. «Мұны кім істеді?» – деп сұрайды. Жиналған жұрт: «Тамим әд-Дари», – деп жауап берді. Сонда пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Исламды нұрландырдың, Алла сені бұл дүниеде және ақыретте нұрландырсын», – деп батасын беріпті.

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: