19
Сенбі,
Сәуір

һижри

Жер мына он насихатты адамға күн сайын айтады

Жер мына он насихатты адамға күн сайын айтады

Ғибратнама
Жарнама

Әнес бин Мәлик (радиаллаһу анһу) айтады:

«Жер мына он насихатты адамға күн сайын айтады:

Ей, адам баласы!

1. Үстімде кезіп жүрсің, алайда маған қайтасың.

2. Үстімде әр түрлі күнә жасайсың, ішімде азап көресің.

3. Үстімде күліп көңіл көтересің, ішімде жылайсың.

4. Үстімде қуанасың, ішімде қайғырасың.

5. Үстімде дүние мүлік жинайсың, ішімде өкінесің.

6. Үстімде харам жейсің, ішімде сені құрттар жейді.

7. Үстімде менменсисің, ішімде қор боласың.

8. Үстімде қуаныштысың, ішімде қасірет шегесің.

9. Үстімде жарықта жүресің, ішімде қараңғыда қаласың.

10. Үстімде көппен бірге ішінде жүресің, ішіме жалғыз өзің ғана кіресің» (Ибн Хажер әл-Асқалани, Мүнәббиһат 37)

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: