Құран Кәрімде қиссасы баяндалған Перғауынның сиқыршылары Хазіреті Мұсадан (аләйһиссәләм) көрген айқын мұғжиза алдында қанағатты көңілмен Аллаһқа иман етіп, имандағы табандылықтары мен ұстанымдарына, жандарын беріп, сақтаған.
Залым Перғауынның имандарынан қайтпаған жағдайда қол-аяқтарын қиғаштап, кестіретіндігі және өздерін құрма ағаштарына дарға астыратындығынан да қорықпай: «…Біз бәрібір Раббымызға қайтамыз. Сен тек Раббымыздың аяттары (дәлелдері) бізге жеткенде, оларға сенгеніміз үшін ғана бізден өш алып жатырсың. Ей, Раббымыз! Бізге мол сабыр беріп, біздің жанымызды мұсылман күйде ал!» - ("Ағраф" сүресі 125-126 аяттар) деп, ұлы иман құштарлығымен қуана-қуана жандарын пида еткен.
Хазіреті Яқуб (аләйһиссәләм) үсті-үстіне келген қиыншылықтарды, «Маған тиесілі нәрсе тек қана тамаша сабыр» - деп баяндаған.
Адам төзгісіз аурумен бәлеге тап болған Әйюб (аләйһиссәләм), әйелінің: «Раббыңа дұға етсеңші, бұл ауыртпалықтарыңнан бір жола айығасың» деген сұранысына: «Хақ Тағала маған сексен жыл сау денелі өмір берді. Әлі соншалықты ауырмай тұрып, денсаулық сұраудан ұяламын» деп, жауап берген.
Ибраһим (аләйһиссәләм) да отқа тасталарда көмекке келген періштелерге: «Отты жандыратын кім? Сол менің халімді біледі. Сендерден ештеңе сұрамаймын!» - деген.
Нәпсінің тазаруы жолындағы асатын асулар – осылар. Сонымен қатар кемел адамдарға қызмет жағынан берілетін бір саты тағы бар. Оны кәміл нәпсі немесе таза нәпсі деп атайды.
материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,
ummet.kz