Мұңайма, Алла халіңді біледі!
Осылай әдеби аударма жасалса да, мәтіндегі негізгі мағына “Қапаланып қайғырма, барлық ісің Алланың қолында” деген мағынаға саяды.
Иә, бар ісіміз жалғыз Алланың бар ісіміз жалғыз Алланың қолында. Тіршілігіміз де, құлшылығымыз да, әрекетіміз де, нәпақамыз да, рызық-несібеміз де Алланың қалауында. Бірақ пенде болған соң бәріміз барлығын өзіміз жасадық деп ойлаймыз. Дұрыс, әрекет адамнан берекет Алладан.
Себебін жасасаң нәтижесін көресің. Сонда да, нәтижені де өзіміз жарататындай боп кетеміз кейде. Содан рухани аурулар (стресс, депрессия, апатия т.б) мен отбасылық кикілжіңдер, бір-бірімізге деген өкпе өте көп.
Әрекет етіңіз, амал етіңіз нәтижесін Аллаға тапсырыңыз. Аллаға тапсырсаңыз Құдайдікіндей, ал өз нәпсіңізге сеніп өзіңізге тапсырсаңыз махлұқтікіндей болады нәтиже. Ал Құдайдың ісінің бәрі сөз жоқ мүкәммәл.
Сол үшін Аллаға сеніңіз, Аллаға тапсырыңыз, Онымен бірге болыңыз!
Алла әрбір халіңіз бен жағдайыңыздан хабардар.
Болған да, болып жатқан да, болатын да жалғыз Алланың дегенімен боп жатыр.
Болмағанды уайымдамаңыз, болмайтынды да …
материал «Мұңайма» кітабынан алынды,
ummet.kz