19
Сенбі,
Сәуір

һижри

Сахабалар бұл мәртебеге 9 жайтқа көңіл бөлумен жеткен

Сахабалар бұл мәртебеге 9 жайтқа көңіл бөлумен жеткен

Ислам тарихы

Шүбәсіз сахабалар бұл мәртебеге Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ерекше тәрбиесінің арқасында және қызмет турасындағы мына тоғыз жәйтқа көңіл бөлу арқылы жеткен:

1. Аллаға қызмет – әмір мен тыйымдарын қуана орындау.

2. Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қызмет – Оны шын көңілмен сүйіп, Оның сүннетімен өмір сүру.

3. Ислам ұлыларына қызмет – сүйіспеншілік, шынайылық және сенімділік көрсету.

4. Әке-шешеге қызмет – қыңқ деместен ризашылықтарын алу.

5. Балаға қызмет – салиқалы мүмин болып өсуін қамтамасыз ету.

6. Туыс-туғанға қызмет – жиі хабарласып, оларға жақсылық жасау.

7. Мүминдерге қызмет – қайғысы мен қуанышын бөлісу.

8. Барлық адамдарға қызмет – қолымен, тілімен пайдалы бола білу.

9. Жаратылысқа қызмет – барлық жаратылысты мейірімділік қанатының астына алу.

Парқына жетсек те, жетпесек те негізінде бәріміздің іздегеніміз – рухымыздың саулығы, яғни, тыныштық пен шаттыққа жетуі. Бұл болса, Хақ Тағалаға ғибадат құштарлығымен орындалған қызметтер арқылы қол жеткізілетін шексіз байлық. Сондықтан, қызмет ету рухы мен түсінігіне ие болған мүмин қандай жағдайда да қызмет ету мүмкіндігін таба біледі. Алла ризашылығы үшін жанқиярлықтай қызмет атқаруында дүниелік пайданың соңына түскендердің көрсеткен жігері мен тойымсыздығынан да артық жігерлі болады.

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: