25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрбандықты кімдер шала алады?

Құрбан Айт
Жарнама

 Құрбан шалу белгілі бір адамға уәжіп болу үшін төмендегі шарттар керек:

 

  1. Мұсылман болу. 
  2. Құрбан айт уақытында тұрғын болуы. Али (р.а): "Жолаушыға жұма намазы мен құрбан шалу міндетті емес" (Нәсбур-райә) деген.
  3. Балиғат жасына толған болуы.
  4. Ақыл-есінің сау болуы.
  5. Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болу. Нисап мөлшері – 85 грамм алтын яки құнына тең келетін ақша. Зекет ғибадаты сияқты құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мөлшеріне жеткен малға бір жыл толу шарт емес. Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны сияқты, тек қана етін пайдалану үшін де союға болады. Бұның дәлелі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): "Кедей мен жолаушыға құрбан шалу міндетті емес" (Лубаб "Китабул-удхия") деген хадисі. 

(Материал "Ислам ғылымхалы" кітабынан алынды)

ummet.kz

Бөлісу: