19
Сенбі,
Сәуір

һижри

Дұғаларымның төрттен бірін салауатқа арнасам бола ма?

Дұғаларымның төрттен бірін салауатқа арнасам бола ма?

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Алла Тағала Пайғамбарына салауат айтқан құлының істерінде оған жетеді (кепіл болады) және оның әрі дүние әрі ақырет қайғысын сейілтеді.

Сондай-ақ, Ұбәй бин Қағб (радиаллаһу анһу) Хазіреті Пайғамбардан: «Уа, Расулалла! Мен саған көп салауат айтамын. Қанша айтқаным дұрыс екен?» - деп сұрадым. «Қалағаныңша айт» - деді.

«Дұғаларымның төрттен бірін салауатқа арнасам бола ма?» деп сұрадым. «Қалағаныңша арна. Бірақ, одан да көбірек айтсаң сен үшін қайырлы болмақ» - деді.

«Олай болса дұғамның жартысын салауатқа арнайын» - дедім. «Қалауың білсін. Бірақ одан да көп істесең сен үшін қайырлы болмақ» - деді.

Мен тағы да: «Олай болса, үштен екісі жеткілікті ме?» - деп сұрадым. «Қалағаныңша. Бірақ көбейтсең сен үшін жақсы» - деді.

«Ал, дұғаға арнаған уақытымның бәрінде саған салауат айтсам қайтеді?» - дегенде: «Онда Алла барлық қиыншылықтарыңды жойып, күнәларыңды кешіреді» - деді (Тирмизи, Қиямет 23).

Салауат пен сәлем айту Хазіреті Пайғамбардың руханиятымен байланыс құруды және Оның нұрынан пайдалануды қамтамасыз етеді. Бұл салауаттардың сыйы құлдың Хазіреті Пайғамбарға деген сүйіспеншілігі мен ықыласына қарай болады.

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: