25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрбандыққа шалынған етті жеткізумен кім айналысады?

Бүгін барша мұсылман үшін ұлық саналатын Құрбай айт мерекесі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биылғы Құрбан айт та коронавирус пандемиясына байланысты карантин шектеулерімен тұспа-тұс келді.

Ең жақсы дұға – бұл Арапа күнгі дұға

Алла тағала ардақтаған әрі жасалатын құлшылықтарды артық еткен күндердің бірі – Арапа.

Бұл күні жасаған әрбір ізгі амалыңыз Алланың қасында сүйкімді. Дәл осы күні армандарыңыз орындалып, жәннатқа жол табуыңыз да ғажап емес. Арапа – зул-хижжа айының тоғызыншы күні әрі қасиетті Құрбан айт мейрамының алдындағы күн. «Арафа» сөзі «танысу», «білу» деген мағынаны береді. Яғни, бағзы заманда Меккеден 20 шақырымдай жердегі Арафат жазығында адамзаттың атасы Адам (оған Алланың сәлемі болсын) мен Хауа анамыз табысып, танысқан. Бұл күні қажылық рәсімнің ең басты шарты – Аллаға ғибадат етілетін қасиетті орын саналатын Арафат жазығында тұру парызы атқарылады. Ал Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қажылық дегеніміз – Арафат. Кімде-кім Арафатқа үлгерсе, қажылыққа үлгерген болады», – деген. (Әбу Дәуд, Тирмизи).

Және бұл күні айтылуы тиіс ең жақсы сөз бар. Абдуллаһ ибн ‘Амрдан (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ең жақсы дұға – бұл Арапа күнгі дұға, ал мен және (маған дейінгі) пайғамбарлар Арапа күні айтқан ең жақсы дұға: «Жалғыз, серігі жоқ Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ! Бүкіл билік және мақтау Оған тән, әрі Ол бүкіл болмыс үстінен құдіретті», – деген (Тирмизи). Және Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын): «Менің жəне маған дейінгі пайғамбарлардың Арафа күні айтқан сөздерінің ең абзалы «Лə илəһə илла Аллаһу уахдаһу лə шəрикə лəһ, лəһул мулку уə лəһул хəмду уə һууа 'алə кулли шəй-ин қадир». (Алладан басқа тəңір жоқ. Ол – жалғыз, Оның еш серігі жоқ. Барлық мүлік, барша мақтау Оған тəн. Əрі Ол барлық нəрсеге Құдіретті), – деген. (Тирмизи). Хадисте осы дұғаны (зікірді) бір рет айтқан адам бір құл азат еткендей сауап алады делінген, яғни қанша рет айтса, сонша құл азат еткендей болады. Арафат күні осы зікірді көбейту, Алла қаласа, құлдың өз басын тозақтан азат етуіне себеп болады.

Сондай-ақ, бұл күні адамдардың барлығы тозақтан босатылатын күн болып табылады. Бұл күн – біздің мүбәрак мерекеміз. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсиетінде: «Арапа күні, Құрбан айт күні және әт-Тәшриқтің үш күні – бұл біздің мереке күндеріміз, уа, мұсылмандар!» деген. (Әбу Дәуд, Тирмизи). Ендеше адамзаттың ардақтысы, Алланың сүйіктісі болған Мұхаммед Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): мұсылман қауымына мереке деп жария еткен Арафа күнін барынша лайықты етіп өткізген абзал. Алла тағала бұл күні жасаған әрбір құлшылықтарымыз бен дұға-тілектерімізді қабыл еткей!

ummet.kz

Арапа күні ораза ұстаушының сауабы

Алла Тағала ардақтаған әрі жасалатын құлшылықтарды артық еткен күндердің бірі – Арафа. Алайда, қарапайым халықтың көпшілігі бұл күнді құрбан айтқа дайындық немесе бауырсақ пісіріп, дастарқан қамын ойлайтын күн ретінде қалыптастырған. Шын мәнінде, Арафа күнінде ашылмаған құпия көп.

Бүгін – Алла қадірлі еткен күн

Арапа – жақсы амалдардың топтас күні десек болады. Бұл күні бес парыздың бірі қажылық парызын өтеу үшін қажылар Арафат тауында болып, Аллаға мінәжат етеді.

Құрбандық етін мұсылман емес адамдарға беруге бола ма?

Құрбандыққа шалынған малдың етін мұсылман еместерге берсе болады. Құрбандықтың етін тарату тек мұсылмандармен ғана шектелмейді.

Құрбандықты міндетті түрде адамның өзі шалуы керек пе?

Құрбандықты міндетті түрде адамның өзі шалуы керек пе? Әлде басқа біреуге өкілдік беруге бола ма?

Құрбандыққа шалынған малдың еті мен терісі

Бай болсын, кедей болсын құрбан айтта шалған құрбандығының етін жеуіне болады. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату – мұстахап.

Құрбандыққа малды қайдан алып, қалай шалған дұрыс?

Құрбандыққа шалынған малдың етін, терісін, ішкі ағзаларын және мүйізін сату дұрыс емес. Кімде-кім құрбан малының аталмыш бөлшектерін сатса, құны кедейлерге садақа ретінде беріледі[1].

Ташриқ күндерінің тәкбірі дегеніміз не?

Ораза айт күні де, Құрбан айт күні де Алла Тағаланы ұлықтайтын мерекелік тәкбірлерді айту шариғатта құпталатын амал. Бірақ, дәл Құрбан айт кезінде айтылатын тәкбірдің арнайы бекітілген де уақыттары бар. Оны - ташриқ күндерінің тәкбірі дейді.