26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Онлайн және офлайн құрбан шалу деген не?

Онлайн және офлайн құрбан шалу деген не?

Құрбан Айт
Жарнама

Биыл құрбан шалу рәсімі екі жолмен іске асырылуда:

Біріншіден: Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орындары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді сақтай отырып "сары" және "жасыл" аймақтарда офлайн форматта өткізіледі.

Екіншіден: "Қызыл" аймақтағы жерлерде пандемия жағдайында құрбан шалушыға қолайлы жағдай жасау және көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында өткен жылдағы тәжірибені қолданып, qurban2021.kz сайта арқылы тек онлайн режимде жүзеге асатын болады.

Онлайн құрбан шалу деген не? Ол қалай өтеді?

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Оңғар Ершаттың сөзінше, былтыр онлайн құрбан шалудың есебі WhatsApp арқылы суретін, қажет жағдайда бейнежазба жіберіп отырған. Бейнежазбада мал кімнің атынан шалынып жатқаны да атап өтілген. Биыл да онлайн тапсырыс берілген құрбандықтың шалыну барысын сайт арқылы қадағалауға болады.

Ал офлайн формат деген не?

Биыл құрбан шалынатын арнайы орындарда Ashyq қосымшасы іске қосылатын болады. Тағы да айта кетейік, офлайн формат "сары" және "жасыл" аймақтағы өңірлерде өтеді. Ал қосымшада "қызыл" және "сары" статус көрсетілген азаматтар құрбандық шалу орындарына жіберілмейді. Офлайн форматта да шектеу жоқ емес: адамдардың бәрі бір уақытта бармауы үшін келушілердің арнайы тізімі жасалып, оларға талон берілгеннен кейін ғана құрбандық шалады. Әр адамға бір сағат уақыт беріледі.

ummet.kz

Бөлісу: