26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Арапа күні ораза ұстаушының сауабы

Арапа күні ораза ұстаушының сауабы

Құрбан Айт
Жарнама

Алла Тағала ардақтаған әрі жасалатын құлшылықтарды артық еткен күндердің бірі – Арафа. Алайда, қарапайым халықтың көпшілігі бұл күнді құрбан айтқа дайындық немесе бауырсақ пісіріп, дастарқан қамын ойлайтын күн ретінде қалыптастырған. Шын мәнінде, Арафа күнінде ашылмаған құпия көп.

Бұл күні армандарыңыз орындалып, жәннатқа жол табуыңыз да ғажап емес. Арафа күнгі ораза екі жылдық күнәлардың өтемі болады.

Әбу Қатададан (р.а) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Арафа күніндегі ораза өткен әрі осы жылдағы күнәлардың өтеуі болады», - деген. (Муслим). 

Бұл хадисте қажылық жасай алмайтындарға ұлы сый-сауап алуға мүмкіндік берген Алла Тағаланың Өз құлдарына деген шексіз рақымы мен жомарттығына нұсқау бар. Осындай тамаша мүмкіндік үшін Алла Тағалаға сансыз мадақтар мен шүкіршіліктер болсын!

ummet.kz

Бөлісу: