25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қабылдың құрбаны неге қабыл болмады?

Қабылдың құрбаны неге қабыл болмады?

Құрбан Айт
Жарнама

Ғалымдардың айтуынша, Қабыл әділетсіз дауласқаны үшін, бауырын қызғанғаны үшін, бәлкім мал сойып қан ағызбағаны үшін оның құрбандығы қабыл болмаған.

Тәпсір кітаптарында Абыл Қабылға: «Құрбандығыңның қабыл болмағанына мен кінәлі емеспін. Тақуалық танытпағаның үшін сенің құрбаның қабылданбады. Сондықтан мені өлтіремін дегенше өзіңнің тақуалығыңды күшейт» – деп айтқан деп тәпсірлейді. Демек, негізгі себеп бұл жерде тақуалықта Қабылмен Абылдың бұл оқиғасы Тәуратта да айтылады.

Абыл мен Қабыл құрбандықтарының қабыл болып-болмағанын қалай анықтаған?

Абылдың құрбанының қабыл етіліп, Қабылдікі қабыл болмағанын олар қайдан білді? Не нәрсеге сүйеніп олар осылай деп шешті? Құран аяттары бұл туралы егжей-тегжейлі айтпаған. Тек бұрынғы үмбеттер арасында, әсіресе Исрайыл ұрпағы ішінде құрбандыққа шалынған нәрсенің қабыл болуы үшін аспаннан от түсіп құрбандықты жағып жіберуі керек екені жайлы айтылады. Ұлы Алла Тағала да бұл туралы Құранда былай дейді: «Көктен түскен құрбанын жағып жібермейінше, ешбір пайғамбарға иман етпеуімізді бізге Алла Тағала тапсырды» дейді олар (еврейлер). (Мұхаммед) Сен оларға былай де: «Менен бұрын да ашық дәлелдермен және өздерің айтқан құрбандығымен талай пайғамбар келді сендерге. Егер айтқандарың шын болса, оларды неге өлтірдіңдер?». Әлденені құрбандыққа шалу бүгінгі күннің өзінде кітап иелері арасында кең тараған ғибадат түрі. Яһудилердің арасында құрбан атаудың түрі өте көп. Мал сою, ұн, май, уыз беру, жылдың алғашқы жемісін садақа ету секілді. Ал христиандар нан мен арақ-шараптар атып, мұны хазірет Исаның еті мен қанына айналады деп ойлайды. Және кімнің құрбаны қабыл болып, кімдікі қабыл болмағанын өздерінше біліп отырады. Ал біздің құрбанымыздың қабыл болар-болмасын мүлде біле алмақ емеспіз. Тек фықһи тұрғыдан құрбандықтың барлық талабы орындалса, оны қабыл болды деп сенеміз. Қолымыздан бар келетіні үміт пен үрей арасында Аллаға жалбарынып дұға ету. Әрине, айналып келгенде бәрі кісінің ниеті мен ықыласына тікелей байланысты.

материал «Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: