25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тәкбір-тәшриқты айту – әрбір мұсылманға уәжіп

Тәкбір-тәшриқты айту – әрбір мұсылманға уәжіп

Құрбан Айт
Жарнама

"Тәкбір-тәшриқ" дегеніміз, арапа күні таң намазынан бастап, Құрбан айттың төртінші күні екінтіге дейінгі аралықта әр парыз намазының соңында сәлем бергеннен кейін айтылатын дұға. Сүннет, үтір және нәпіл намаздардан кейін айтылмайды.

Тәкбір-тәшриқты айту – намаз оқу міндет болған әрбір мұсылманға уәжіп. Өйткені, Алла тағала өзінің қасиетті кітабында: «Санаулы күндері Алланы зікір етіңдер», – деп бұйырған. Аяттағы "санаулы күндер" дегенді Әзірет Әли арапа күнгі таң намазынан бастап, айттың төртінші күні екінті намазының соңы деп тәпсірлеген.

Бұл аралыққа 23 парыз намазы енеді.

Ханафи мәзһабында бекітілген пәтуа осыған сәйкес.

Тәкбір-тәшриқ дұғасы төмендегідей:

«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар. Лә иләһа иллалЛаһу уалЛаһу әкбар. Аллаһу әкбару уә лилЛәһил хамд».

Қаза намаздарының соңында тәкбір-ташриқ айтыла ма?

Бұрын қаза болған намаздарды осы күндері өтейтін кісі тәкбір-тәшриқ дұғасын айтпайды. Ал, осы күндері қаза болған намаздарды өтегенде, соңында аталмыш дұға айтылады. Онда да егер оларды осы "тәшриқ" күндері өтейтін болса. Басқа күндері өтеген жағдайда ол дұғаны оқымайды.

"Тәшриқ" күндері «Тәшриқ» күндері деп, зүлхижжа айының 11,12,13-күндерін, яғни айттың екінші, үшінші және төртінші күндерін айтамыз. Бұлай аталуының себебі, ертеректе аталмыш күндері сойылған құрбанның еттерін қажылар бұзылып кетпесін деп сүрлеп қоятын болған. Сондықтан бұл күндерді "тәшриқ" – "күнге кептіру" күні деп атаған деседі.

Тағы бір деректе: "ташриқ – сыртқа шығару, көрсету деген мағынаға саятындықтан, мұндағы мағына тәкбір-тәшриқты дауыстап айтуды білдіреді» делінген. Демек, арапа мен айттың бірінші күні және одан соң келетін үш тәшриқ күндері – "тәкбір-ташриқ" дұғасы айтылатын күндер.

дереккөз: muftyat.kz

Бөлісу: