25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Кедей кісі құрбан шалса, құрбандықтың етін өзі жей ала ма?

Шариғатта, кедей санатындағы кісілердің «Құрбан айтта» құрбан шалулары міндет емес.

Құрбан шаларда кімнің атынан шалынатындығын айту шарт па?

Құрбан шаларда кімнің атынан шалынатындығын айтқан абзалырақ.

Құрбандықтың әр қылына сауап жазылады

Құрбандық шалу мал-мүлік арқылы атқарылатын ғибадат түріне жатады. Бұл күндері Алла разылығы үшін құрбандық шалған кісілерге көптеген сауап уәде етілген.

Өз малымның етінен дәм татуға бола ма?

Құрбан шалуды ниет еткен адам сүннетке сәйкес, сол күні өзі құрбан шалған малдың етінен дәм татпайынша,  мүмкіндігінше еш нәрсе жемеуі абзал.

Құрбандық малы қалай сойылады?

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім құрбан шалу кезінде рақымшылдық танытса, соған Қиямет күні Алла Өзінің рақымын танытады», -  деген. (Бұхари)

Құрбандықтың әр қылына жазылатын сауап

Құрбандық шалу мал-мүлік арқылы атқарылатын ғибадат түріне жатады. Бұл күндері Алла разылығы үшін құрбандық шалған кісілерге көптеген сауап уәде етілген. Ардақты пайғамбар (с.ғ.с.) былай деп бұйырған: «Ешбір құл құрбан күні Алланың құзырында құрбандық қанын ағызғаннан артық жақсы амал жасай алмайды. Өйткені, шалынған мал қиямет күні мүйіздерімен, қылдарымен және тұяқтарымен келеді. Шалынған құрбандықтың қаны жерге ақпастан бұрын Алланың құзырында жоғары мәртебеге жетеді. Олай болса, шын көңілмен құрбан шалыңыз».

Құрбандық етін басқа дін өкілдеріне беруге бола ма?

Құрбандық етінен өзге дін иелеріне де садақа етіп беруге шариғатымызда рұқсат.

Құрбандықтың етін толығымен үйде қалдыруға бола ма?

Бай болсын, кедей болсын құрбан айтта шалған құрбандығының етін жеуіне болады.

Құрбан айттан басқа уақытта қой сойып етін тарату құрбандыққа жата ма?

Құрбан – жақындау деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – Алла Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен сойылған малдың аты.