25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрбан шаларда кімнің атынан шалынатындығын айту шарт па?

Құрбан шаларда кімнің атынан шалынатындығын айту шарт па?

Құрбан Айт
Жарнама

Құрбан шаларда кімнің атынан шалынатындығын айтқан абзалырақ.

Мысалы, мархұм болған жақыныңыздың атынан құрбан шалғыңыз келсе: «Уа, Алла, осы құрбанды мархұм пәленше ұлы түгеншенің атынан қабыл ете гөр. Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар!» деп, бауыздайсыз. Немесе өзіңіздің атынан шалатын болсаңыз, малды бауыздар сәтте: «Уа, Алла, осы құрбанды менің және отбасымның атынан қабыл ете гөр. Бисмилләһи, Аллаһу әкбар» деп шалсаңыз болады. Риуаяттарға қарағанда Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.у.) құрбанға екі қошқар шалады екен. Соның бірін шаларда: «Уа, Аллам! Мынау Мұхаммедтен және Мұхаммедтің отбасынан» дейді екен. Екіншісін шаларда: «Уа, Аллам! мынау үмбетімнің ішінен саған иман етіп, мені растаған кісінің атынан» дейтін болған1

Алайда, кімнің атынан шалынатындығын ауызша айтпай, тек іштей ниет етіп, «бисмилләһи, Аллаһу әкбар» деп сойсаңыз да жарайды, себебі бастысы - ниет. Осы тұрғыда өзі соймай, біреуге тапсырса, оған өкілеттілік берді деген сөз, олай болған жағдайда, мұның ниеті жеткілікті болып, союшы кісі де қосымша оның атынан екенін айтып шалуы шарт емес. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

 

1Табарани, «Мұъжам»; Имам Маусули, «Мүснәд»

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: