25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрбандық шалатын кісі шаш-тырнағын алмауы керек пе?

Құрбандық шалатын кісі шаш-тырнағын алмауы керек пе?

Құрбан Айт
Жарнама

Зул-хижжа айы кіріп, құрбандық шалғанша шаш-тырнақты алмау мұстаһаб саналады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Зул-Хижжаның алғашқы он күні кіріп, сендердің бірің құрбан шалуды қаласа, құрбандық шалғанға дейін шаш-тырнағын алмасын»[1].

Бұл хадистегі бұйрық рай уәжіпті емес, мұстаһабты білдіреді[2]. Мұндағы «шаш-тырнағын алмасын» дегеннің негізгі хикметі – тозақтан мойны азат болғанша денесінен еш нәрсе алынбай толық күйінде қалдыру немесе қажылыққа ихрам киген адамдарға ұқсауды білдіреді[3].

Сондықтан құрбандық шалуды ниет еткен адам шаш-тырнағын ала беруінің оқасы жоқ[4]. Себебі Айша анамыздан жеткен риуаятта ол былай дейді: Мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрбандығына ілетін алқаны өз қолыммен дайындайтынмын. Алла елшісі оны (Меккеге) жіберіп құрбандығы шалынғанша ихрам киген адамдарға тыйым салынған нәрселерден тыйылмайтын»[5]

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

[1] Муслим, №1977

[2] Ибн Абидин, «Радду әл-мухтар», 3/66. «Әл-Ишраф әлә мәзһәби әл-уләмәи», 3/412.

[3] Шәукәни, «Нәйлу әл-әутар», 5/133.

[4] Тахауи, «Шарху мағани әл-асар», 4/182.

[5] Муслим, №1321.

Бөлісу: