25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жыл сайын әлем мұсылмандары Рамазан айының келісімен қуаныш-шаттыққа бөленіп, Алламен қарым-қатынастарын арттырып жатады. Ол күндізгі уақытта ораза ұстап ішіп-жемнен тыйылумен байқалса, қою қараңғылық ұялағанда көпшілік болып мешіттерге жиылып, онда тарауық намазын оқуларымен көрініс табады.

Бұл шектен шыққан ағымның әдістемелік проблемаларының, тудырған түйткілдерінің бірі - қандай да бір мәселені терең түсінбей жатып, оны таратуға тырысу және айтылған уағыз бен негізі берік қаланған ғылымның аражігін ажырата алмау.

Шектен шыққандардың тағы бір ерекшелігі – мұсылмандар арасындағы сыртқы көріністерімен өзгешеленулері. Оларды бір қарағанда-ақ тануға болады. Себебі қолдарынан келгенше мұсылмандардың киім киісінен өзгеше киім үлгісінде жүруге тырысуда.

Қазіргі таңда ата-ана баласы «Алла» атын аузына алып, намазға жығыла бастаса кәдімгідей қорқып, қобалжитын жағдайға жеткен. Қоғамдағы түрлі түйткіл осындай жағдайға әкелген. Бұл жерде мәселе діннің өзінен емес, дін атын жамылушы теріс пиғылдылардың құйтырқы әрекетінен ушығып тұрған жайы бар. Дәрігер мамандар ұлтымызға жат ағымдар пайдаланатын амал-тәсілдердің адам психикасына теріс әсері барын, тіпті кейбір жағдайда олар адамды жындыханадан бір-ақ шығаратынын немесе өз-өзіне қол жұмсауға дейін апаратындығын растап отыр. Осыдан кейін ата-ана сыртта жүрген баласына қалай алаң болмасын?

Шектен шыққандар Алла Тағаланы көп зікір етуге тыйым салумен, адамдардың зікір жасауына кедергі келтірумен шектелмеген. «Уирдтерге»  және «хизбтерге»  тыйым салумен де тоқтамаған. Қарсылықтарын үдете түсіп, адамдардың Алла Тағаланы көп зікір етуде қолданып жүрген құралдардың соңына түскен.

Мұсылмандардың басым көпшілігі атап өтетін Пайғамбар (с.а.с.) мәулітін тойлауға шектен шығушы топтар қарсы болып жатады. Бір қызығы, шектен шыққандар өздерінің имамдары мен оқымыстыларының мерейтойларын атап өтеді.

Шектен шығушылардың үмбетті бөліп, үмбетке қарсы шығуларына себеп болған тағы бір мәселе — «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) және ізгі адамдардың заттарымен табаррук жасау - серік қосу, оларды исламға жатқызуға болмайды» деумен қатар, оларды мұсылман жұртшылығынан бөлулері. Олар мұны адасушылық деп есептейді.

Шектен шыққан бұл ағымның тағы бір қатерлі көзқарастарының бірі Алладан дұға тілегенде Пайғамбарымызбен (с.а.с.) тауассул жасауды харамға шығарулары. Бұл фақиһтар бірауыздан келіскен мәселе болғандығына қарамастан, кім оны істесе, серік қосты деп айыптайды.

Шектен шыққандарды қоғамнан оқшаулайтын ендігі бір қателіктері – төрт мазхабты жоққа шығарып, оған ергендерді айыптап, кемсітулері. Бұл белгілі төрт мазхаб – имам Абу Ханифа, имам Малик, имам Шафиғи, имам Ахмад (р.а) сынды имамдардың мазхабтары. Төменде еру (тақлид) ұғымына түсінік бере отырып, олардың осы тұрғыда мұсылмандарға қырғидай тиюіне себеп болған мәселе мәніне үңілеміз.