25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қазіргі кезде өздерін «сәләфиміз» деп жүргендердің басым бөлігінің ұстанымдары (бағыттары, пікірлері, әрекеттері, әр түрлі мәселелер туралы үкімдері) дінге қайшы. Бұл ретте оған талдау жасап, зерттеу жүргізген адам бес нәрсеге назар аударуы қажет.

«Сәләфия» сөзінің тілдік мағынасы «бір нәрсеге қатысты болу» дегенді білдіреді. Сол себепті сәләфия сөзінің ұғымында кезеңдік шектеу реңкі жоқ, барлық заманға қатысты қолданылады. Әр заман ағымы – өзінен соң келетін уақыт үшін – сәләф (өткен, ілгері, алдыңғы), ал, өзінен бұрын өткен уақыт үшін – халәф (кейінгі).

Бұл да өте көп талас-тартыс тудырып жүрген мәселелердің бірі. Бұрын намаз оқушылар Ханафи мазһабымен жүріп, намаз басындағы тәкбір тахримадан басқа кезде қол көтермейтін тұғын. Барлығы намаздарын алаң- сыз, әркім шама-шарқына қарай оқып жүретін.

 

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен...

Және де ардақты елшісіне толыққанды салауаттар мен ең кемел сәлемдер болғай.

Ары қарай...

Расында намаз – ислам дінінің ең маңызды парыздарынан болып табылады, қиямет күнінде де пенденің ең алғаш сұраққа тартылатыны да осы намаз. Сол себепті де адамның намазы дұрыс болса басқа амалдары да дұрыс дей аламыз, ал егер намазы шала болса, өзге амалдарының да шала болуы әбден ықтимал.

Бұл сарапталып алынған мәселе өзара талас-тартыс тудырып отырған мәселелердің ішіндегі ең бірегейі десек, асыра айтқандық емес. Әрине, бұл мәселе тап бүгінгідей ортаға қойылған жоқ.

  • Қазіргі талас-тартыстар қашан және қалай пайда болды?

Кейіннен кей жастарымыз дінімізді үйренуге кірісіп кетті. Олардың өздері өскен ортадағы шариғи үкімдер өздері өскен ортаға тән болатын. Олар елімізге келген шетелдік кейбір жастармен араласып, жаңа кітаптарды оқып әсерленді. Әрине сол шетелдік кей жастар дінімізді толық білетін ғалым емес, керісінше, өздері білім алуға келген әртүрлі саладағы студенттер еді.

Расында намазды оқып, кейіннен оқымай қойған адам айналасында ғалымдардың айтқан бірер көзқарастары бар. Ол көзқарастар намазды тастаған адам кәпір бола ма жоқ па деген мәселенің тұсында.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйғаны белгілі. Алайда кей нәрселер бар, олардың жамандығы да, жақсылығы да айтылмаған. Бағзы біреулердің пайымдауынша Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жасамаған барлық нәрсесі дінде бидғат болып саналады-мыс.

Фото: Nur.kz

Неміс басылымы ARD паранжа, ниқаб және басқа да дәстүрлі киімдер мен бас киімдер киген әйелдер туралы түсіндірмені Каирде Әл-Азһар университетінің пәтуа жөніндегі кеңесінің бас хатшысы Шейх Халид Омраннан (діни қаулысын) сұрады, деп хабарлайды «Nurgasyr.kz»