25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әл-Азһар ниқаб пен паранжаның қайдан пайда болғанын түсіндіруде

Фото: Nur.kz

Күдікпен күрес
Жарнама

Неміс басылымы ARD паранжа, ниқаб және басқа да дәстүрлі киімдер мен бас киімдер киген әйелдер туралы түсіндірмені Каирде Әл-Азһар университетінің пәтуа жөніндегі кеңесінің бас хатшысы Шейх Халид Омраннан (діни қаулысын) сұрады, деп хабарлайды «Nurgasyr.kz»

 

Әл-Азһар университеті - әлемдегі ең көне жоғары оқу орындарының бірі және дәстүрлі сүнниттік білімнің негізгі орталығы. Барлық сүнниттік бағытты ұстанған мұсылмандар оның фәтуалар кеңесіндегі сараптау қорытындысын мойындаған.

ARD неміс басылымы: - Германиядадағы кейбір әйелдер құптағандай, шариғат әйелдердің бетін жауып тұратын баскиім немесе басқа да матаны киюге тиіс екенін көздейді ме?

Шейх Халид Омран: - Мен Германияға қатысты бұл тақырып ерекшелігін құрметтеймін, бірақ бұл сұраққа жауап берерде, шариғат және мұсылмандар құқығына қатысты сұрақтармен айналысатын мамандардың көзқарасын ұстануға тырысамын. Атап айтқанда, киім және оның сыртқы көрінісіне қатысты туындаған мәселелер әдетте жеке тұлғамен және әдет-ғұрыппен тығыз байланысты болып табылады. Яғни, бұл жағдайда, біз әрбір қоғамның өзіне тән ерекшеліктері мен оның дәстүрлік киім сипаттамаларын құрметтеуге тиіс боламыз.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с.) мынадай сөз келеді: «Қалағаныңды ішіп, қалаған нәрсеңді ки, бірақ ысырапқорлыққа жол берме». Осылайша киімді де ескере отырып, Құран мен Сүннет (Құранды толықтыратын Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмірін баяндайтын мұсылманның қасиетті ұстанатын жолы) осы мәселе бойынша, әсіресе әйелдер жамағаты үшін нұсқаулықтарды қамтамасыз етеді. Құран мен сүннет үкімі бойынша киім ашық және денеге тығыз жақын болмауы, дене бітімін көрсетпеуге тиіс. Бұлар неізгі үш өлшемдері болып табылады. Оған қоса, сондай-ақ киім қолды және жүзді жабу керек емес деп қосты.


- Демек, ешқандай бетті жабатын мата да, паранжа да міндетті емес қой?


- Ниқабқа қатысты Құран, не Сүннет те бетті жауып, тек көз көрінетін орын қалдыратындай матаны киюге және оны мұсылман әйелдерге міндеттеп тастаудың жоқ екенін дәлелдейді. Сондықтан, біздің ұстанған бағытымыз: Ниқаб – ол кейбір елдердің салтынан алынған жай ғана дәтүр, бірақ бұл туралы Исламның құқықтық негізгі ережелерінде ештеңе айтылмаған!


- Осындай киім үлгілерін киіп жүрген әйелдерге бұл істеріне қатысты ешқандай діни мәтін міндеттемейді демексіз ғой?


- Әйелдер бір ғана жағдайда бетін жабуға мүдделі еді, олар Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың әйелдері болған. Бірақ бұл ереже барлық мұсылман әйелдерге қолданылмайды. Ол тек пайғамбардың (с.а.с.) әйелдері қолданылатын арнайы іс-шара болды.


- Олай болса, бұдан кейін ниқаб киетін мұсылман әйел исламның ережелерін бұзды деп айтуға бола ма?


- Дін тұрғысынан алғанда, егер де ол әйел ниқаб киетін әйелдер қоғамында өмір сүріп келген болса, онда ол әйелдің ниқабты киіп-кимеуінде таңдау еркіндігі бар. Ал егер ол әйел ниқаб киюге шешім қабылдаса, оны діни акт ретінде қарастырмауы тиіс.


- Онда, бетті жауып тұратын киім Ислам бекіткен қағидалар тәртібіне сәйкеседі деген пікір қай жақтан пайда болды?


- Біз, бетті жауып тұратын киімге жүргізілген талдаудың қорытындысында бұл нәрсені тек дәстүр деп қана шешім қабылдадық. Ал әйелдердің қауіпсіздігіне келгенде ғалымдардың осы мәселеге қатысты көзқарастары екі жаққа бөлініп ерекшеленеді. Кейбір зерттеушілер «жоқ, бұл діни фанаттардың атрибуты» десе, кейбіреулері бұны әйелдерді қорғауды қамтамасыз ету деп санайды. Кейбір ғалымдар тіпті, ниқаб діни мәтіндердің ешбірінде оған қатысты сөз айтылмаған, кейін ойлап табылған нәрсе, сондықтан еркектің де, әйелдің де жүзді жабатын киімді киюге құқықтары жоқ дейді.

23

Бөлісу: