24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қарағандыда «Әл-Ғаффар» мешіті ашылды

Қарағандыда «Әл-Ғаффар» мешіті ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданында «Әл-Ғаффар» мешіті ашылды.

Алла үйінің ашылу сәтінде ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы арнайы келіп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара аясында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы адамдарды жақсылыққа шақырушы жердегі Алланың үйіне жамағат толып, ізгі істерге ұйытқы болатындай және көрнекті мешіттердің бірі болуына тілек білдірді. Сонымен қатар мешіттің ашылуымен қатар келген мемлекеттік ең ұлық мерекенің бірі - Тәуелсіздік күнімен барша жұртты құттықтады. «Мүфтият» баспасынан шыққан 100 кітапты сыйға тартты. Өнегелі істі қолға алып, ғимаратты тұрғызған Рамиль Фанильевичқа Бас мүфтидің алғыс хатын табыстап, құрметпен иығына шапан жапты.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Әл-Ғаффар» мешітіне Оралбай Ермахан имам болып тағайындалып, жамағатқа таныстырылды. Қуанышқа жиналған қауым игілікті іске сәттілік тілеп, Тәуелсіздік жолында құрбан болған арыстарға құран оқып, дұға бағыштады.

Ғимараттың құрылысы 2021 жылы басталып, 3 жыл ішінде салынды. Мұнда бір уақытта шамамен 1500 адам намаз оқи алады. Сондай-ақ ішінде ерлер залы, әйелдер залы, мәйітхана, асханасы бар. Мешіттің құжаты толық рәсімделіп, инфрақұрылым жүргізілген.

Салтанатты рәсімге қала имамдары, ақсақалдар мен ақжаулықты аналар, шаһар жұрты мен жамағат қатысты. Алдағы уақытта «Әл-Ғаффар» мешіті де қаламыздағы мұсылман қауымына қызмет көрсетпек.

Пікірлер (0)

Бөлісу: