25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жетісу облысында 6 отбасы баспаналы болды

Жетісу облысында 6 отбасы баспаналы болды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел – үлесі пәтерге» жобасы аясында Жетісу облысында 6 отбасы баспаналы болып, жаңа қонысқа кірді.

Атап айтқанда, Жетісу облысы І.Жансүгіров ауылында 6 пәтер жалғызбасты аналар мен әкелерге, көпбалалы, асыраушысынан айырылған және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға табысталды. Жаңа қоныстың кілттерін облыс бас имамы Керімбек Дәуітов, «Зекет және қайырымдылық» қоры бас кеңсесінің маманы Әли Мырзақұлов пен қордың Жетісу облысы бойынша өкілі Құмар Хадыс табыстап, ізгі тілегін жеткізді. Осы орайда, дін қызметкерлеріне арналған ортақ қызметтік үй 7-баспана ретінде табысталғанын айта кеткен жөн.

Аталмыш қайырымдылық шарасында мұқтаж отбасылар алғысын айтып, ризашылығын  білдірді.

Бөлісу: