25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти Кәлпе ауылдық мешітінде жұма намазын жүргізді

Бас мүфти Кәлпе ауылдық мешітінде жұма намазын жүргізді

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жетісу өңіріне сапары барысында Қаратал ауданы Кәлпе ауылдық мешітінде жұма намазын жүргізді.

«Тәуелсіздік – үлкен нығмет» тақырыбында ауыл жамағатына насихат айтқан Бас мүфти: «Аллаға мыңда бір шүкір, ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікті көзімізбен көріп, тыныш елде, бейбіт шаңырақ астына өмір сүріп жатырмыз. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім өз үйінде (отбасының қасында) амандықпен ешкімнен қорықпай, дені сау және бір күндік тамағы болып таң аттырса, бүкіл дүние алдына жиналғандай болады», – деген (имам Бұхари).

Тәуелсіздік туралы сөз қозғалғанда әрбір адамның жүрегінде осы күнімізге деген шүкірлік оянып, осы тәуелсіздігіміздің баянды да берік болуы үшін әрқайсымыз шынайы тілекші болуымыз қажет» деді.

Бұдан кейін ҚМДБ Төрағасы ауыл жамағатымен бірге жұма намазын оқып, ел мен жердің тыныштығы үшін дұға жасады. Сонымен қатар ауылдық мешіт жамағатымен сұхбаттасып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Бөлісу: