25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Отқа күймеген пайғамбар

Отқа күймеген пайғамбар

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Ибраһим (а.с.) пайғамбар ретінде жіберілген кезде, ел ішінде пұтқа табынушылық кең етек алды.

Ибраһим пайғамбар пұттардың ес-түссіз, жай ғана мелшиген меңіреу тастар екендігін, Жаратушы бола алмайтындығын қанша түсіндіре айтса да, оларды көндіре қою аса қиын шаруа еді. Өйткені олар ылғи да қарсы дау айтудан жалықпайтын. Сондықтан да болар Ибраһим (а.с.) олардың саналарына сәуле бітіріп, шел басқан көңілдерін ояту мақсатында ғибратты бір іс істеуді ұйғарды.

Бір күні қала халқы түгелімен мереке қарсаңында қаланың сыртына шықты. Қағбаға кірген Ибраһим (а.с.) пұт атаулының бәрін қиратып, балтаны сол жердегі ең үлкен бір пұттың мойнына іліп қойды.

Мерекеден қайтып келген халық әлгіндегідей ойран-асыр жағдайды көріп жағаларын ұстасты.

Халық:

– «Біздің Құдайларымызды кім соншама қорлаған? Сірә, бізге зұлымдық ойлаған біреу болар», – десті.

Біреуі: «Ибраһим деген бір жігіт осы жайында кейінгі кезде сөз етіп, соқтығысып жүрген. Мүмкін сол болар», – деді.


материал «Тағылым тамшылары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: