25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Егер, әке болсаң, мейірбан Әкенің (с.ғ.с) мәмілесін есіңе ал!

Егер, әке болсаң, мейірбан Әкенің (с.ғ.с) мәмілесін есіңе ал!

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Бауырым бәрімізге бір насихат болсын. Егер, малдүниең көп, дәулетті адам болсаң, Араб жазирасына түгелімен үстемдік еткен, Араб басшыларын кемел мінезімен бағындырған Алланың саған таңдаған сүйіктіңнің (оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) өте қарапайымдылығын әрі кең жомарт екенін ойлан бауырым!

Егер, ұстаз болсаң, өзінің нәзік мінезімен Суффа шәкірттерінің жүректерінен орына таба білген пайғамбарыңды есіңе ал!

Егер, шәкірт болсаң, уахиды жеткізген Жәбірейілдің алдында тізерлеп отырған Расуліңді есіңе ал!

Егер, насихат айтушы дін тәрбиешісі болсаң, сахабаларына хикметпен даналықты үйреткен пайғамбарыңды тыңда! Оның әдемі даусына құлақ салып, әдеппен көңіл бөл!

Егер, ешкімі жоқ, жалғыз адам болсаң, Абдуллаһ пен Әминәнің жетімі, бауыр еті болған күнәсіз, жетім пайғамбарыңды ойла!

Егер, саудагер болсаң тек шындықпен сауда қылатын, әрі болашақ жарының аманатына сондай уайыммен қараған аманатшыл пайғамбарыңды ойла!

Егер, бір жанға күйеу болсаң, Хазіреті Хадижа мен Айшаның күйеуі болған мүбарак тұлғаның, жұмсақ өте мейірімді жүрегін есіңе ал!

Егер, әке болсаң, 4 қыз 3 ұл 2 немеренің атасы болған мейірбан, уайымшыл әкенің мәмілесін есіңе ал! Сенің атағың мәнсабың бүкіл керемет жағдайың болмасын, кәміл тәрбиеші ұстаздың және ең нағыз көсем дара тұлға Алланың сүйіктісі (оған  Алланың игілігімен сәлемі болсын) себебі екенін түсін!

материал «Еліктеуге кім лайық?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: