25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Адамның көңілі – Алланың назары түскен жер»

«Адамның көңілі – Алланың назары түскен жер»

Иман келтіру

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Сафияның жылап отырғанында үстінен түседі.

– Неге жылап отырсың? - деп сұрағанда ол:

– Хафса маған «Сен – яһудидің қызысың» деп айтты - деп жауап береді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған:

– Сен – Пайғамбардың қызысың (ұрпағысың), сен – Пайғамбардың әйелісің! Ол неменеге жетісіп олай дейді! - дейді де, Хафсаға қарата:

– Алладан қорық, Хафса! - дейді.

Адамның тегін кемсітіп, менсінбей тіл тигізу жанға ауыр батады. Бұл нәрсе көбіне әйелдер арасында болып жатады. Сол үшінде «Он күнәнің тоғызы – тілден» деген тәмсіл айтылып жүреді. Ешқашан ешкімнің көңіліне келетін сөз айтпа! Бұл – көңілшек бол, әркімнің көңіліне қара деген сөзім емес. Керісінше, адамдардың көңіл айнасын сындырудан сақтан дегенім!

Хадисте, тәмсілде «Адамның көңілі – Алланың назары түскен жер» деп сипатталады. Олай болса, Алланың назары түскен жерге килікпе!

 

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: