25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әлеуметтік желіні емес, амал дәптеріңді толтырып жатырсың

Әлеуметтік желіні емес, амал дәптеріңді толтырып жатырсың

Ислам тарихы

Бірде сахаба Муаз Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) жәннатқа ненің кіргізіп, ненің тозақтан сақтайтыны жайлы сұрады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жіктеп, санамалап айтып берді. Артынша:

– Осының бәрін қамтитын нәрсені айтайын ба, Муаз, - деді.

– Иә?! – Мынаны тый! - деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тілін көрсетті.

– Уа, Алла Елшісі! Біз сөйлегеніміз үшін де жауапты боламыз ба? - деп сұрады Муаз.

– Адамдарды тозаққа тілімен орудан басқа не айдай алады?! - деп жауап берді Пайғамбарымыз (с.ғ.с).

Тілде сүйек жоқ. Бірақ тіл сүйекті сындырады. Бір сөз үшін түні бойы ұйықтай алмаған, бір сөз үшін үйлене алмаған, бір сөз үшін ажырасып кеткен, бір сөз үшін жұмысынан айырылған, бір сөз үшін жүрек ауруына ұшыраған қанша адам бар. Не айтсаң да ойланып айт. Есіңде болсын, сен әлеуметтік желілерді емес, өз амал дәптеріңді толтырып жатырсың!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: