24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мөңке бидің көрген түсі келді

Баяғыда Мөңке би түс көріп, сол түсін Сырым батырға жорытпақ болады.

-Бір жолы бәйгеге 40 ат қостым, біреуі де бәйгеден келмеді. 30 ат қостым біреуі де келмеді. 5 ат қостым, төртеуі бәйгеден келмеді де, біреуі ғана қарақшыға аман жетті. Аман жеткені сол, келе сала пышаққа ілікті. Әлгі аттың ішін жарып жібергенімде, қасқыр шықты, қасқырды жарғанда түлкі шықты. Түлкіні жарғанда,қоян шықты. Осыны жорып берші, – дейді Мөңке би.

Сырым әңгімелері
Бірде алыс сапардан үй ішін сағынып келе жатып ауылына жақындағанда, Сырым жолдастарына: – Қаттырақ жүріңдер, бүгін ауылға жетіп қонайық, – дейді. Сонда жолдастары Сырымға естіртпеген болып әжуалап: – Басқа кісі асықса дұрыс, ал осы Сырым қай сұлуына асығып келеді екен? – депті. Бұл сөзді құлағы шалып қалған Сырым:

Айша-бибі (ХІ-ХІІ ғ.ғ.) – Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, қазіргі Тараз қаласының жанындағы, сонау скифтер заманынан бастап-ақ қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі архитектуралық әсем ескерткіштің иесі.

Құтылығұлы Күлтегін (684-731ж.ж.) – Екінші Шығыс Түрк қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түрктің көк семсері» атанған атақты батыры.

Тоныкөк (Тоңұқық) – Екінші Түрк қағанатының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түрк қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түрк елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер.

Бумын қаған – түріктердің өздері «Мәңгілік ел» деп атаған әйгілі Бірінші Шығыс Түрік қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі.  Оның алғаш тарихқа танылуы түрк еліне Батыс Вей империясының елшілерінің келуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түрк елі Жыужән қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі билік лауазымы – ұлы йабғу (да-иеху). Оған ол түрк елінің басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие болған.

Мыңзықұлы Еділ (Атилла) қаған (410-453) – батыстағы Ғұн (сиуңну) қағандығының аты аңызға айналған әйгілі билеушісі, адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи ірі тұлға. Оны Еуропа тарихшылары «Аттила», «Атилла»,  «Атыл», «Аттылы» деп те атайды.

Тумәнұлы Мүде қаған (ж.ж.д. 228-174) – Сиуңну (Ғұн) империясының негізін қалаушы, жеке тағдыры қызық та қасіретті оқиғаларға толы, қаталдығы мен даналығы қабат өріліп жатқан күрделі тарихи тұлға.

Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.д. 570-520) – күнгей түркі, сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды.